Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Еуразия жаңа көлік-логистикалық хабы маңызды бағдарларында инфрақұрылым нысандарын тұрғызды

 

2017 жылғы 6 желтоқсанда Мемлекет Басшысының қатысуымен Индустрия күніндегі Жалпыұлттық телекөпір кезінде «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ нысандары іске қосылды.

Олардың қатарында көпсалалы Құрық паром кешені нысандары, Шымкент көлік-логистикалық орталығы бар.

Каспий жағалауындағы Құрық портында екінші өткізу кешені нысаны –гидротехникалық имараттарымен автокөлік паромы өткелімен келген көліктердегі жүктер кемеге тиелетін тұстағы тестілік негіздегі пирс іске қосылды.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Мемлекет басшысының биылғы жылғы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауындағы тапсырмаларды орындады. Стратегиялық құжатта 2020 жылдарға дейін транзиттік жүк тасымалын 2 миллион контейнерлік транзиттік жолаушылар тасымалын ұйымдастыру көзделген.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Инфрақұрылымдық жобалар жөніндегі вице-президенті Б. Орынбасаровтың айтуынша, «Транскаспий халықаралық дәлізінің көлік-логистикалық жүйесіне кіретін Құрық порты арқылы 2017 жылы бір миллион 200 мың тонна жүк тасымалданатын болады. Жаңа автокөлік паром кешені жылына қосымша екі миллион тонна жүк өткізуге мүмкіндік әпереді».

Б. Орынбасаров жүктер Құрық портынан Түркия бағдарымен Еуропа елдеріне жүк жөнелтілетін бағдар ашылғандығын жариялады.

Телекөпір барысында Шымкентте жаңа көлік-логистикалық орталығы ашылды.

Ірі мультимодальдық көлік-логистикалық «А» сыныбына жататын орталығы құрылысының аяқталғандығы туралы «ҚТЖ» ҰК» АҚ Логистика жөніндегі вице-президенті Санжар Елубаев баяндады.

Заманауи кешен Оңтүстік- Солтүстік, Шығыс-Батыс көлік ағындарына кеден аймағына желілік қызмет көрсетеді. Жылына бір миллион тонна жүкті өңдейді.

Құрық порты мен Шымкенттегі «А» сыныбына жататын мультимодальдық көлік-логистикалық орталығы Қазақстанның транзиттік- көлік әлеуетін дамытуды жүзеге асыруда маңызды рөл атқарады.

Көлік-логистикалық орталығы республикаішілік жүк ағындарына, сонымен қатар қала, аудан тауарларын жеткізуде кешенді логистикалық қызмет көрсетіп, қоймалық сақтау қызметін де атқарады.

Құрық порты мен Шымкенттегі «А» сыныбына жататын мультимодальдық көлік-логистикалық орталығы Қазақстанның көлік-логистикалық кешенін дамытуға және елдің транзиттік әлеуетін көтеруге тың серпін береді.

«Біз паром өткелін аштық. Енді автокөлік паромы арқылы биылғы жылы Құрық порты Баку- Грузия- Түркия бағдары ашылып, Босфор шығанағымен Еуропаға бет алады. Ендігі жерде Қазақстан құрлықтағы ел, барлық теңізге, Парсы шығанағына шыға алады»,-деді Мемлекет басшысы жалпыұлттықтелекөпір барысында.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

  






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта