Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

Тбилисидегі «Бір белдеу- бір жол» форумында Қазақстанның Транскаспий халықаралық көлік бағдарындағы рөлі атап өтілді

 

28-29 қарашада «ҚТЖ» ҰК» АҚ вице-президенті Мақсат Қабашев бастаған делегациясы Тбилисидегі «Бір белдеу- бір жол» Тбилиси форумына» қатысты.

Тақырыптық «Жаңа мүмкіндіктердің қақпасы» сессиясында «ҚТЖ» ҰК» АҚ Даму жөніндегі вице-президенті Мақсат Қабашев қазақстандық теміржол әлеуетінің еліміздің көліктік-логистикалық стратегиялық транзиттік және мультимодальдық дамуына ықпалы зор екендігін атап өтті.

«Қазақстандық «Нұрлы жол» бағдарламасы мен қытайлық «Бір белдеу-бір жол» жобасы екі елдің көлік және логистикалық жүйесінің жаңа трансқұрлықтық дәлізінің архитектурасын түзеді және дамытады»,-дейді М. Қабашев. Ол сондай –ақ, Транскаспий халықаралық көлік бағдарының мүмкіндігі туралы әңгімеледі.

Мәселен, Транскаспий бағдарын қолдау мақсатында 700 шақырымдық жаңа теміржол, 3 мың шақырымнан астам автокөлік жолы салынды. Ақтау теңіз порты жаңғыртылды. Құрық портында жаңа паром кешені салынды. Бұл өз кезегінде Қытайдан шығатын жүктің Транкаспий бағдарындағы Орталық Азия, Ресейдің Орал-Сібір өңірімен барынша қолайлы бағдармен жүруін қамтамасыз етеді.

«Бұл 2020 жылдары Қазақстанның порттарының өткізу әлеуеті жылына 20 миллион тоннаға жетуін қамтамасыз етеді. Қытайдан шығатын Транскаспий бағдарын Қазақстан, Әзербайжан,Грузия елдерімен Түркияға, әрі қарай Еуропаға шығарады»,-деп атап өтті М. Қабашев.

Транскаспий бағдары бойындағы елдер жаңа көлік және инфрақұрылымын жаңғыртуға, оған коммерциялық басымдық беруге белсенді кірісуде.

Ляньюньган портында қазақтан-қытай бірлескен терминал жобасы жүзеге асырылды. Ол Қытайдан шығатын жүктердің, Оңтүстік- Шығыс Азия елдерінен келетін жүктерді шоғырландырып, Транскаспий бағдарында жоғары жылдамдықты контейнерлік тасымалды қамтамасыз етумен шұғылданады.

«Қазақстан мен Қытай шекаралық тұсында Еуразия және Каспий өңіріне бағытталған жүктерді тарату үшін «Қорғас- Шығыс қақпасы» АЭА заманауи логистикалық тізбек жасақталды»,-деп атап өтті М. Қабашев.

Осы мақсатта жақында Баку- Тбилиси – Карс жаңа теміржол желісі пайдалануға берілді. Ол Түркияға одан әрі Еуропа нарығына шығуға мүмкіндік әпереді.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ өзінің стратегиялық альянс серіктестерімен бірлесіп Транскаспий тарнзиттік дәлізін дамытып, жүк тасымалдындағы және барлық тарнзиттік бағдардағы бәсекелелік тарифті оңтайландырып жатқандығына тоқталды. «Біз өзіміздің тапсырыс берушілерімізге жүк тасымалдаудың бәсеклестікке сай бағасын ғана ұсынбай, оған қоса жүктерді Шығыс Қытайдан Түркияға 13-14 күнде жеткізу бағдарын ұсынамыз»,-дейді М. Қабашев.

«Бір белдеу- бір жол» Тбилиси форумы» билік пен бизнес қауымдастығының тұрақты пікірсайыс алаңына айналып, екіжақты және көпжақты кездесулерді өткізуге мұрындық болып отыр.

Шара аясында жобаға қатысушы елдердің, халықаралық ұйымдардың және өңірлік секторлардың 100 ден астам делегаттары қатысты.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

 






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта