Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

ҚР мен БР теміржол әкімшіліктері ҚХР- ЕО- ҚХР бағдарында транзиттік жүктерді өткізуге қолайлы жағдай жасайды

 

Минскідегі Белорусь –Қазақстан бизнес –форумы аясында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев Белорусь теміржолының бастығы В. Морозовпен келіссөз жүргізді.

Кездесу барысында көлік және логистика саласындағы серіктестік мәселесін жалғастыру жайы қаралды. Тараптар ҚХР- ЕО- ҚХР бағдарындағы транзиттік контейнерлік тасымалды дамытуға қолайлы жағдайлар жасауға баса назар аударды.

Биылғы 10 айда Қытай-Еуропа- Қытай бағдарындағы контейнерлік тасымал көлемі 137,7 мың ЖФЭ (1571 контейнерлік пойыз) болса, ол өткен жылғы тасымалдан екі есеге жоғары көрсеткіш.

Қ. Алпысбаев «Қытайдан Еуропаға дейінгі және кейін қарайғы трансқұрлықтық бағдарды дамытуға кедергі келтіріп отырған ҚР мен БР теміржол әкімшіліктері арасындағы инфрақұрылымдық шектеулерді бірлесіп алып тастау, физикалық және физикалық емес кедергілерді барынша азайтуға», көңіл бөлді.

Тараптар Достық/Алтынкөл –Брест-Достық/Алтынкөл бағдарындағы контейнерлік пойызды кедергісіз өткізудің бірлескен технологияларын жасау жөнінде ойларын ортаға салды.

Осыған байланысты Қ. Алпысбаев Қазақстан-Қытай шекарасында пойыздарды барынша тез өткізудің жалпы бағдар жылдамдығын ұлғайтуға қолайлы әсер ететіндігіне тоқталды.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

 






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта