Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

Маңғыстау облысында теміржол өткеліндегі трагедиялық оқиғаға кінәлілер қатаң жазаланады

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшылығы мен Қазақстанның теміржолшылары Маңғыстау облысы, Өзен- Болашақ теміржол өткеліндегі апатты жағдайға байланысты қаза тапқандардың туған -туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.

Трагедиялық оқиға орнында арнайы комиссия жұмыс істеуде. Компания қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасына көмек көрсету мақсатында 20 миллион теңге бөлді.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ қызметтік тексеріс жалғасуда. Оның қорытындысы бойынша кінәлілер қатаң жауапкершілікке тартылады.

Теміржол өткелдеріндегі көптеген апатты оқиғаларға жол жүру ережелерін өрескел бұзған автокөлік жүргізушілері себеп болуда. Жыл басынан бері автокөлік жүргізушілердің кінәсінен 17 соқтығысу оқиғалары орын алған. Биылғы он айда жол көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында локомотив пайдалану депосының машинистері 2800 рет шұғыл тежегішті басып, пойызды тоқтатқан.

 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

 






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта