Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

«ҚТЖ» ҰК» АҚ «Нұрлы жол» бағдарламасымен Алматы-Шу екінші жол телімін іске асырды

27 қарашада Алматы –Шу теміржол желісінің екінші телімінің құрылысы мен теміржол үстінен Алматы – Шамалған автокөлік даңғылы қатар ашылды. Жоба Мемлекет басшысының «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жүзеге асырылған жоба.

Ақсеңгір станциясындағы салтанатты шараға «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев, Алматы облысы әкімінің орынбасары Айдарбек Байжанов, көлік қызметкерлері мен ардагерлері, құрылыс компанияларының өкілдері қатысты.

Қ. Алпысбаев Алматы-Шу екінші теміржол телімінің құрылысы аяқталуымен құттықтады. Жаңа жолдың трансқазақстандық жаңа бағдарларды дамытуға мүмкіндіктер әперетіндігін атап өтті. Пойыз қозғалысын жеделдетіп, өңірлердің коммуникациялық байланысын одан әрі арттыратындығына тоқталды.

«Қазақстан Еуропа мен Азия арасындағы трансқұрылықтық тасымалдауды дамытуды белсенді жүргізуде. Соған орай жаңа инфрақұрылымды жасақтау мен жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, жүктерді жеткізу мерзімі қысқартылуда»,-деп атап өтті   «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев. Жобаның өңір ғана емес, жалпы республика экономикасы үшін де маңызы зор екендігін атап өтті.

Ұзындығы 113 шақырымдық екінші теміржол телімі құрылысы аса қысқа мерзімде екі жылда  аяқталды. Осы мерзімде өте үлкен құрылыс ауқымы орындалды. 16 станция жаңғыртылды. 13 көпір мен жол өткелдері имараты, 156 шақырымға электр желісі мен басқа да өндірістік инфрақұрылымдық нысандары тұрғызылды.

Екінші теміржол телімі еліміздегі ең қазақстандық теміржол магистралының аса қарқынды қозғалысы мол тұсындағы ғажайып құрылыс нысандары пайдалануға берілуімен телімнің өткізу қабілеті 4 есеге артатын болады.

Сонымен қатар 1,7 шақырымдық Елтай-Мерей жаңа автокөлік жолы салынып, Елтай селосынан ұзындығы 740 метрлік жол өткелі салынды. Бұған дейін Елтай селосылық округінің Береке, Екпінді, Жетісу жалпы Қарасай ауданы елді мекендерінің тұрғындарын теміржолды кесіп өтудегі қиындықтардан құтылды. Бұл өткел өз кезегінде екі теміржол айырығының тығынын азайтып, автожол арқылы тәулігіне 17 мың машина өте алатын болады.

Шараға қатысушылар алдында Алматы облысының әкімінің орынбасары А. Байжанов, теміржол саласының ардагері Қ. Сәмбетов сөз сөйледі.

Салтанатты шараның соңында Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Қ. Алпысбаев, Алматы облысының әкімінің орынбасары А. Байжанов, Көлік саласының ардагері Қ. Сәмбетов, Қазақстанның тұңғыш ғарышкері, «Халық қаһарманы» Т. Әубәкіров, «ҚТЖ» ҰК» АҚ президентінің кеңесшісі Ф. Галимов Ақсеңгір станциясынан Қытай-Еуропа транзиттік контейнерлік пойызы мен «Тұлпар-Тальго» жүрдек жолаушылар пойызының өтуіне сәт-сапар тіледі.

Осы кезде теміржол үстінде автокөліктер керуені де алыс сапарға бет алды.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

 






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта