Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

«Алматы-Екатеринбург» пойызы енді Қазан қаласына қатынайды

 

 «Қазақстандық татар және башқұрттар конгресі» республикалық қоғамдық бірлестігінің өтініші бойынша №303/304 «Алматы-Екатеринбург» пойызының маршруты Қазан қаласына дейін ұзартылды. Енді 2017 жылдың 12 желтоқсанынан бастап ол халықаралық №303 /304 «Алматы-Астана-Қазан» пойызы ретінде қатынайтын болады.

«Біз ҚТЖ ұлттық компаниясының басшылығына зор ризашылығымызды білдіреміз. Екі ел астаналары арасында тікелей қатынайтын пойыздың жолға шығуы Қазақстанның Тәуелсіздігі мерекесі мен Астананың 20 жылдығы қарсаңындағы елеулі оқиға»,- дейді республикалық қоғамдық бірлестіктің төрағасы Тауфиқ Кәрімов.

Сонымен қатар, ТМД-ға мүше мемлекеттердің темір жол көлігі бойынша 66 Кеңесінің шешімі бойынша 2017 жылдың 10 желтоқсанында Астана уақытымен 00 сағат 00 минутта пойыздардың 2017-2018 жылдарға арналған жаңа кестесінің енгізілетінін хабарлаймыз.

Жолаушылардың сұранысын қанағаттандыру мақсатында жаңа жылдан бастап күн сайын жүретін жаңа №154/153 «Астана-Семей» жүрдек пойызы жолға шығатын болады.

2018 жылдың 1 қаңтарынан №376/375 «Астана-Лениногорск» пойызының стандартты вагондары қазіргі заманғы жайлы «Тұлпар-Тальго» вагондарына ауыстырылады. Жолда жүру уақыты 28 сағат, яғни қазіргі кестемен салыстырғанда 3 сағатқа тезірек баратын болады.

Сондай-ақ, 2018 жылдың 1 қаңтарынан төмендегі пойыздардың реттік саны былайша өзгереді:

  •  «Алматы-Атырау» №35/36 (бұрын №77/78);
  •  «Алматы-Защита» №45/46 (бұрын №69/70);
  •  «Астана-Ақтөбе» №97/98 (бұрын №87/88);
  •  «Алматы-Петропавловск» №703/704 (бұрын №705/706);
  •  «Алматы-Шымкент» №709/710 (бұрын №707/708).
  •  

Қосымша сұрақтар бойынша темір жол вокзалдарының кассаларына немесе 105 бірегей анықтама қызметіне телефон шалуға болады.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі

 






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта
Конкурс Детская улыбка