Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

Астанада көлік саласы қыз-келіншектерінің «Бақыт – әйелдер мекені» алғашқы форумы өткізілді

Астанада көлік саласындағы қыз-келіншектердің «Бақыт – әйелдер мекені» алғашқы форумы өткізілді. Форумда Қазақстанның теміржол, автокөлік, әуе және су көлігі еңбеккерлерінің салалық кәсіподағы бірлестігінің жетекшісі Оразғали Ахметбаев сөз сөйледі. 

   О. Ахметбаев ел экономикасы мен көлік саласын дамытудағы әйелдердің рөлін атап өтті.

       «Көлік секторы саласындағы кәсіпорындардың кадр саясатында әйелдердің әлеуметтік қорғау және қолдау мәселелері басым бағыттардың бірінен саналады. Кәсіподақ Ұжымдық шартта көрсетілген жұмыс берушілердің құқықығын қорғау мен әлеуметтік міндеттерінің орындалуын қадағалап отырады»,-дейді Қазпрофтранс басшысы.

      Форум қатысушылары гендерлік теңдік, әлеуметтік қорғау, ана мен баланы қолдау, жеке тұлғаның өзекті мәселесі, әйелдердің өзін өзі жетілдірудегі кәсіби орыны мәселелері талқыланды.

      «Форумда біз өзімізді толғандырып жүрген бірқатар мәселелердің жауабын алдық. Мен өзім әйел ана ғана емес, еңбеккер ретінде де жетілдім. Ендігі кезекте мен өзіме жоғары талап қойдым. Мен осы форумда алған білімімді пайдаланамын»,-дейді Ақмола теміржол бөлімшесінің техник- технологі Роза Айнабекова.

    «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ филиалы  Қостанай локомотив пайдалану депосының кадр бөлімінің бастығы Ирина Алисеевич аталмыш шараның жаңа бастамалар мен тәжірибелер алмасудың ашық алаңы болғандығын айтады.

      «Маған біздің ұсыныстарымызға басшылықтың құлақ түретіндігіне риза болдым. Біз әлеуметтік жағынан қорғалғанбыз. Ертеңгі күнімізге үлкен сеніммен қараймыз. Ол өз кезегінде отбасындағы тыныштықты да қамтамасыз етеді»,-дейді И. Алисеевич. 

Форумға қатысушылар шара қорытындысы бойынша бірқатар нақты ұсыныстар мен Үндеу қабылдады. Көлік саласының еңбеккерлері әлеуметтік әріптестікті нығайтуға, әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға белсенді болуға шақырды.

Форум жұмысына «Қазақстан Әйелдері қауымдастығы» ҚҚ, Астана әкімі жанындағы Отбасы және демографиялық саясат және әйелдер ісі жөніндегі Комиссияның,  «МО «EXPO & Women» ЗТБ өкілдері қатысып сөз сөйледі.

Форум аясында «Әйелдер көшбасшылығы. Табыс қадамы» семинар-тренинг өткізілді.  Семинар-тренингке қатысқандар түрлі кеңестер алып, өз ойларымен бөлісті.

 «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта
Конкурс Детская улыбка