Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

Теміржолшылардың екі жүз жиырмадан астам балалары шығармашылық байқауға қатысты

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да  теміржолшылардың балалары арасындағы жылма –жылғы шығармашылық байқауы мәреге жетті. Биыл 100-ден астам бала жеңімпаз атанды. Биылғы жылы балалар байқауға өздерінің ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі тақырыбына шығармаларын ұсынды.

«Балауса болашақ» пен «Алтын қалам» аталымдары бойынша сурет байқауы, өлең сайысында 2-5 жас, 6-8 жас, 9-11 жас, 12-14 жас аралығындағылар іріктелді.

Жеңімпаздарға дипломдар, көтермелеу сыйлықтары беріліп, теміржол саласының ардагері, суретші Асқар Сәрсенбековтің қатысуымен шеберлік сыныбы өткізілді.

«Компанияда мұндай байқаулар жылда өткізіледі. Балалардың арасында танымал»,-дейді «ҚТЖ» ҰК» АҚ Персоналды басқару жөніндегі вице-президенттің міндетін атқарушы Н. Жапарқұл.

Оның айтуынша, «ҚТЖ» ҰК» АҚ-дағы әлеуметтік саясатты жүзеге асыру аясындағы балалар байқауы- балалардың шығармашылыққа бейімделуі мен отбасылық құндылықтарды қолдау мақсатынан  туындап отыр.  

Шара соңында барлық қатысушыларға жеңімпаздардың суреттері мен өлеңдер жинағы табыс етілді.

 «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

 

 

 






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта