Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

Достық-Брест бағдарына транзиттік тасымалы жылма-жыл екі есеге артып келеді

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев бастаған делегация Минскідегі Белорусь көлік апталығы-2017  аясындағы шараларға қатысты.

Қ. Алпысбаев шара аясында БР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Василий Матюшевскимен кездесті. Кездесу барысында екі жақты көлік және логистика саласын дамыту жайы талқыланды.

Пленарлық отырыста сөз сөйлеген Қ. Алпысбаев Шығыс-Батыс бағдарындағы транзиттік контейнерлік тасымалды дамытуға қажетті шараларды бірлесіп шешуге шақырды. Қазақстан, Ресей, Белорусь теміржолдары әкімшіліктерінің қолдауымен серіктестердің белсенді әрекеті Достық-Брест бағдарындағы транзиттік тасымалдың жылына екі есеге ұлғаюына қол жеткізді.

«Егер 2011 жылы бұл бағдарда 1,1 мың контейнер жіберсек, 2016 жылы 101 мың контейнерге жеткіздік. Биылғы жылы 200 мың ЖФЭ жеткізу күтілуде. Біздің алдымызда 2020 жылдары трансқұрлықтық дәлізге 2 миллион контейнерді тартуды көздесек, Достық- Брест бағдарына 800 мың ЖФЭ жеткізілмек»,- дейді «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшысы.

Оның айтуынша, Еуразиялық одақтың теміржол әкімшіліктері бірлескен түрде Қытай -Еуропа трансқұрлықтық бағдарда маңызды мәселелерді дамытуға кедергі келтіретін бірқатар инфрақұрылымдық шектеулерді алып тастауға мүмкіндік жасалды. Сонымен қатар алда транзиттік контейнерлік пойыздар қозғалысы жылдамдығын күшейту және вагондардың айналымын арттыру мақсатында ауқымды қызметтер атқарылуы тиіс.

Қазіргі таңда «ҚТЖ» ҰК» АҚ контейнерлік пойыздарды Достық станциясынан Алтынкөл станциясына көшіру шараларын қабылдауда. Бұл бағдар бірқатар артықшылықтарға ие. Оның ішінде «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА Құрғақ порты осында орналасқан.

«Қазақстан-қытай шекарасымен пойыздарды барынша жедел өткізу қамтамасыз етілуде. Ол өз кезегінде бағдардағы жылдамдықты арттыруға ықпал етеді»,- дейді Қ. Алпысбаев.

Ол өз кезегінде Достық/Алтынкөл – Брест Достық/Алтынкөл  бағдарында контейнерлік пойыздарды кедергісіз өткізудің бірлескен технологиясын қарауды ұсынды. Тасымалдау үдерісін ақпараттық қамтамасыз ету (электрондық құжат айналымы, цифрландыру, ІТ –платформасын өндіріске енгізу) сонымен қатар жүктердің бірыңғай ЦИМ/СМГС ілеспе құжаттарын пайдалану көлік қызметі сапасын көтеруге мүмкіндік әпереді.

«Қазақстан темір жолы бағдарға қатысушы елдермен ақпараттық жүйеге ықпалдасып қана қоймай, бірыңғай ақпараттық алаңда бірлесіп қызмет етуге дайын»,- деп мәлімдеді Компания басшысы.

Көлік үдерісіне қатысушы елдердің өзара тығыз қарым-қатынас орнатып, Шығыс-Батыс транзиттік көлік дәлізімен тоқтаусыз жүк өткізуге қолайлы жағдай жасауы - Қазақстан экономикасына ғана тиімді емес, Еуразиялық Одақ елдері экономикасының дамуына да ықпал етеді.

Белоруссия көлік апталығы -2017 форумына Қазақстан, Қытай, Ресей, Латвия, Литва, Польша, Украина теміржол көлігі әкімшіліктері, мемлекеттік құрылымдар, логистикалық компанияларының өкілдері қатысты.

 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

 






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта