Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

Мемлекет басшысы Ақтөбе рельс- арқалық зауытында болды



4 қазанда Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен келген Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбе рельс-арқалық зауытының жұмысымен танысты.

Мемлекет Басшысына «Қазақстан теміржолы» ұлттық компаниясы» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев пен «АРАЗ» ЖШС Бас директоры Андрей Кузьмин өнеркәсіп орнындағы өндірістік бағдарламаларды ұлғайтып, өнім түрлерін көбейту шараларымен таныстырды.

«Өткен жылы маусымда пайдалануға берілгелі кәсіпорында 200 мың тоннадан астам рельс өнімдері шығарылды. Оның 155 мың тоннасы теміржол инфрақұрылымына жұмсалса, 5 мың тоннасы экспортқа шығарылды»,-деді Ұлттық компания басшысы.

Кәсіпорынның жетістіктерімен қатар өнім түрлерін де көбейтіп жатқаны баяндалды. Мәселен, термотөзімді Р65 рельсі мен жалпы қолданыстағы РП65 рельстері кірме жолдарға арнап шығарылды.

Ақтөбеде шығарылған рельс «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру кезінде кең қолданылып жатыр. Алматы-Шу бағытындағы теміржолға ақтөбелік рельс төселуде. Құрық теңіз портының құрылысы мен Астанадағы «Нұрлы жол» теміржол вокзалының құрылысы кезінде отандық өнім пайдаланылды.

Нұрсұлтан Назарбаев қарапайым жұмысшылармен кездесті. Олардың қал-жағдайларын сұрап, жұмыста сәттілік тіледі.

«Біз рельстердің металлографикалық микро жəне макро қысымын зерттейміз. Зауыт тарапынан металлографиялық талдауды арнайы Санк-Петербург қаласынан оқып келдік. Рельс сапасы өте жоғары. Біз жұмыс істейтін қондырғылар əлемде ең үздік болып табылады. Зауыттағы əлеуметтік жəне еңбек жағдайына ризамыз. Əмбебап өндірісте жұмыс істеп жүргенімді мақтан етемін. Сізге зор алғыс білдіремін!», - деді зауыттағы металтану зертханасының жұмысшысы Айым Сексенбаева.

Өз кезегінде, Елбасымен аз уақыт сөйлесіп үлгерген Ақтөбе рельсарқалық зауытының аға шебері Нұрберген Азат мұнда былтыр жұмысқа орналасқанын жеткізді.

«Бастапқыда ауысымдық шебер болып келдім. Кейін аға шебер болдым. Менің қарамағымда бірнеше адам бар. Бүгінде зауыт өнімдерін «Қазақстан теміржолы» компаниясы алып отыр. Сонымен бірге, ТМД кеңістігіндегі бірқатар елдерге және қазақстандық мекемелерге жеткізіп отырмыз», - деді Нұрберген Азат.

Биылғы қыркүйек айында сағатына 200 шақырымдық жолға шыдас беретін термотөзімді Р65, ДТ 350 СС рельстеріне сертификат алынды.

Сағатына 250 шақырымдық қозғалысқа төзімді ДТ 350 ВС және 60 градустық төмен ауа райына шыдас беретін ДТ 350НН, аса төзімді ДТ 370 ИК, және еуропалық стандартқа сай 1435 мм. тар табанды теміржолға арналған UIC 60 рельстері игерілуде. Оның сыртында биылғы жылы фасондық прокат, швеллер шығарылуда.

Мемлекет басшысы Ақтөбе рельс арқалығы зауытының атқарып жатқан жұмысы мен экспорттық әлеуетін жоғары бағалады.

«Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінде баламасы жоқ іргелі зауытта қызмет етіп жатқан сіздер бақыттысыздар. Еңбектеріңізге табыс тілеймін. Жақсылап жұмыс істеңіздер», - деді Нұрсұлтан Әбішұлы.

Елбасы рельсарқалық зауытының қызметкерлеріне Ақтөбе тұрғындары бір миллион адам болатын қалалар қатарына кіретінін жеткізді. Назарбаев Қазақстандағы теміржол саласының маңызын айта келе, өзге елдерде мұндай жағдай жасалмағанын тілге тиек етті.

Атап өтерлігі, Ақтөбе рельс арқалығы зауыты 2020 жылдарға қарай 550 мың тонна өнім түрлерін шығарып, оның жалпы сомасы 430 миллион АҚШ доллары шамасында болады деп жоспарлап отыр. Ол өнімдер Ресей, Белорусь, Өзбекстан, Түрікменстан, Шығыс Еуропа елдеріне экспортқа шығарылатын болады.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Фото www.kazpravda.kz сайтынан алынды.

  






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта