Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

Әлеуметтік серіктестік - «ҚТЖ» ҰК» АҚ кадр саясатының маңызды бөлігі болып табылады

8 қыркүйекте М. Тынышбаев атындағы ҚазККА Ақмола колледжі базасында «Теміржол көлігінде жоғары білікті мамандарды даярлау саласындағы әлеуметтік серіктестік» тақырыбына дөңгелек үстел отырысы өткізілді. Дөңгелек үстел отырысына Астана желілік теміржол кәсіпорындарының басшылары, колледждің оқытушылар құрамы қатысты.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – «Теміржол көлігі персоналын бағалау мен дамыту орталығының» директоры Марал Марасиловтың айтуынша, биылғы жылы ҚазККА Ақмола колледжіне дуальдық оқу жүйесінің тәжірибелік формасы жобасын «Жылжымалы құрам» бағытына енгізу аяқталды.

«Біз бұл колледжбен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасаймыз. Биылғы жылы студенттер біздің кәсіпорындарымызда практикалық тәжірибеден өтіп, жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Олардың дені Компания кәсіпорындарына жұмысқа тұрды. Мұндай өнеркәсіп пен оқу орны арасындағы теміржол көлігіне сапалы мамандар даярлау ісін әрі қарай жалғастыруымыз керек»,- дейді М. Марасилов.

Кездесу барысында кәсіпорын басшылары Evolution ТЭ33A сериясындағы жаңа тепловоздарды жөндеу, KZ4, KZ8 сериясындағы жаңа электровоздарды пайдалану мен техникалық қызмет көрсету, «Локомотив құрастыру зауытының» даму болашағы, ДХ-500 сандық байланыс жүйесіне көшу секілді тақырыптарға баяндама жасады.

 «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

 






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта