Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік армреслинг пен киберспорт шеберлері қызмет етеді

«ҚТЖ» ҰК» АҚ құрылымдық бөлімшелеріндегі  80 еңбеккер «Самұрық-Қазына» АҚ ұйымдастырған 5-ші мерекелік Спартакиадаға қатысты. Теміржолшылар армрестлинг пен киберспортта үздік нәтижелер көрсетті. Павлодар магистральдық желісі еңбеккері Илдар Еникеев пен «Нұрлы жол» теміржол вокзал кешені кезекшісі Руслан Ескенеев 80 килограмдық салмақтан жоғары салмақ дәрежесінде жүлделі екінші орындарға ие болды. Армреслингтен әйелдер арасындағы 65 килограмнан жоғары салмақта Қарлығаш Исрайлова жүлделі үшінші орынды иемденді. «ҚТЖ» ҰК» АҚ командасы киберспорттан жалпыкомандалық үшінші орынды місе тұтты.

«Спартакиада жоғары деңгейде өтті. Барлық қатысушылардың дайындығы жоғары болды. «ҚТЖ» ҰК» АҚ еншілес компанияларының еңбеккерлері барлық спорт түрлерінен жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Компанияда теміржолшылардың спорттық әлеуетін көтеру әлеуметтік саясаттың бір саласына жатады»,-дейді «ҚТЖ» ҰК» АҚ Персонал жөніндегі вице-президенттің міндетін атқарушы Нұржан Жапарқұл.

9-қыркүйекте Астанадағы «Алау» мұз сарайында «Самұрық-Қазына» компаниялары тобы еңбеккерлері арасындағы 5-ші мерейтойлық Спартакиада суперфиналы мен жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өткізілді.

Мерейтойлық спартакиадаға 60 компаниядан 145 команда қатысты. Биылғы жылы жарыс бағдарламасына екі спорт түрі стритбол и киберспорт түрлері енгізілді.

Спорттық шаралар соңында лотереялық ойындар ойналып, қатысушылар естелік суреттерге түсіп, қазақстандық эстрада жұлдыздарының концертін тамашалады.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

 

 






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта