Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

Көлік саласының кәсіподақ үздіктері марапатталды

Кәсіпшілер одағы ұйымының 25 жылдығына орай, сонымен қоса адал еңбек және белсенділік көрсеткені үшін 500-ден астам көлік саласының майталмаңдары мен қызметкерлері құрметке бөленді.

Көлік қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара кезінде кәсіподақтың мерейтойлық белгісіне кәсіпшілер одағы ұйымының төрағасының бұрыңғы орынбасары Аманкелді Байжұманов, «ҚТЖ» ҰК» АҚ магистральдік желі Дирекциясының кәсіподақ төрағасы Балжан Ботатаева, «Жолаушылар тасымалы» АҚ аймақтық «Солтүстік» филиалының жолсерігі Кенжеболат Мұқанов ие болды.

Алуан түрлі марапаттар кәсіподақ үздіктеріне жыл соңына дейін беріледі.

Қазіргі таңда кәсіподақ 120 мыңнан астам теміржол, автомобиль, әуе және су көлігінің қызметкерлерін біріктіріп отыр.

Сала мен кәсіподақ басшылығының бірігіп нығаюы арқасында, көлік кешенінде еңбекке деген қабілеттілік сақталынып, сонымен қатар әлеуметтік тұрақтылықпен қамтамасыз етілді», - деп айтып кетті «Қазкөліккәсіп» төрағасы О.Ахметбаев.

ҚТЖ» ҰК» АҚ-да ұжымдық шарт теміржолшылардың әлеуметтік құқықтарын қорғайтын кепілгер.

Айта кететін жайт, биылғы жылдың бірінші жарты жылдығында  ұжымдық шартта ескерілген барлық кепілдіктер мен төлемдер сақталынды.

Қазіргі кезде 2018-2020 жж. арналған әлеуметтік-экономикалық мәселелерді қарастыратын салалық келісімшарт пен ұжымдық шартты дайындау жұмыстары жүруде.

 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

 

 

 

 






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта