Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

«Нұрлы жол» вокзалынан «Astana Taxi» қызметі ашылды

«Нұрлы жол» вокзалы кешенінен «Astana Taxi» жолаушылар тасымалдау ресми қызметі ашылды.

Бірыңғай таксидің желілік қызметі жолаушыларға қызмет көрсету сапасын көтереді. Таксилер бірыңғай call-орталығымен басқарылады. Тегін Wi-Fi, арнайы жедел қосымшасы, белгіленген баға парағы бар. Пост терминалы арқылы банкілік карточкамен де есеп айырысуға мүмкіндік бар.

«Бүгінгі таңда 300 автокөлікті құраған такси қызметі жолаушыларға барынша қолайлы болып отыр. Олар вокзалдан қаланың кез-келген түкпіріне жете алады. Оның сыртында бізде таксилерге үшінші қабатта арнайы орын дайындалған»,- дейді «Нұрлы жол» вокзал кешені директорының орынбасары  Н. Аманжолов.

Барлық такси автокөліктері бірыңғай стилде ресімделген. Бұл көліктер Bus Line желісімен қатынап, Астана-1 теміржол вокзалы мен әуежайдан да, ірі сауда орталықтарынан да  арнайы тұрақтарды иемденді. 

Таксилерге вокзалдың арнайы белгіленген аялдамасы тұсынан  тапсырыс беруге болады.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

 

 

 






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта