Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

Транзиттік –көлік саласындағы серіктестікті дамыту – Қазақстан мен Латвия ұлттық экономикасын өсіру тегершігі

 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев «Еуразия әлеуеті. Ғаламдық көлік бағдарының болашағы» халықаралық конференциясына қатысып, сөз сөйледі.

Латвия Ұлттық күндері аясындағы конференцияға ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары А. Мамин, Латвия президенті Р. Вейонис, Қатынас министрі У. Аугулис, Латвия теміржолдарының президенті Э. Берзиньш қатысты.

Форумда сөз сөйлеген «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаевтың айтуынша, Трансеуразиялық бағдардағы жаңа жүйені жасақтауда Қазақстанның көлік-логистикалық инфрақұрылымын дамытудың мемлекеттік стратегиясын жүзеге асыру барысы туралы баяндады. Қазақстан жасақтаған жаңа желі Қытай-Еуропа, Солтүстік- Оңтүстік және Транкаспий бағдарымен халықаралық және ішкі тасымалдауды оңтайландыру мақсатында теміржолдардың жұмысын жаңа желілірге бағыттау жайы талданды.

Қ. Алпысбаевтың паймдауынша, ішкі және сыртқы логистикалық орталықтар желісін қалыптастыруда «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА, Каспий теңізіндегі Ақтау және Құрық порттарында еуразиялық көлік жүйесін жасақтау көзделеді.

Қазақстан мен Латвия арасында транзиттік көлік саласында ынтымақтастықтың оң әсері байқалды. 2002 жылдан бері «Балтика транзит» контейнерлік пойызы қатынайды. Биылғы мамыр-маусым айларында Германиядан Қытайға Латвия арқылы жүретін екі пойыздың тұсауы кесілді.

2017 жылғы бірінші жарты жылдықта Қазақстан мен Латвия арасындағы транзиттік тасымал көлемі 15 % өсті.

Қазақстан транзиттік өткізу қабілетін жақсарту мен мультимодальдық инфрақұрылымды дамыту, бәсекелестікке кедергі келтіретін физикалық емес түрлі жағдайлардың алдын алу, Балтық порттарымен қатынауды жақсарту шараларын қарастыруда.

Латвия көлік-логистикалық кешені әлеуетінің мол екендігін айта келіп, Қ. Алпысбаев латвиялық тарапқа «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА дамыту, мультимодальдық порттық тариф саясатын жасақтау, Қазақстан мен Латвия аумағы арқылы транзиттік бағдардағы қызметті жақсартып, тапсырыс берушілерді тартуға басымдық береді.

Қ. Алпысбаев екі елдің ұлттық экономикасын дамытудағы ынтымақтастықтың болашағы зор екендігіне ерекше тоқталды.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

 






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта