Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

«ҚТЖ» ҰК» АҚ мүмкіндігі шектеулі балалардың ипподромға баруын ұйымдастырды

  «ҚТЖ» ҰК» АҚ Әлеуметтік жобалары қоры» корпоративтік қоры мен Индустрия, туризм және спортты дамыту қоры,  «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры бірлесіп мүгедек балалардың ипподромға баруын ұйымдастырды.

«Иппотерапия әдісі арқылы атқа отырып, балалардың барлық дене мүшелері қозғалысқа еніп, жануардың арқасында емдік сеанстар алады»,-дейді Ұлттық ат спорты құрамасының балаларға арналған байқауының бас бапкері Ирина Прилепская.

  Дене құрылысы дұрыс жетілмеген балаларды атқа отырғызу арқылы емдеу ежелден бар. Медициналық Дауна сырқаты бар,  орталық нерв жүйесі бұзылған балалардың сауығып кетуіне ат спорты түрлерінің әсері шексіз. 

«Біз бес жастан жоғары бес атты арнайы әзірледік. Олардың барлығы да қолға үйретілген, асау емес. Алдымен он бес минуттан бастап атқа отыру мерзімін ұлғайта береміз»,-дейді  Ұлттық ат спорты орталығының өкілі Бақыт Мұқашев.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Әлеуметтік жобалары қоры» Корпоративтік қорының директоры Ербол Кеңгірбаевтың айтуынша, жоба тұрақты қолға алынған. Балаларға арналған иппотерапия сабағы тегін ұйымдастырылады. Биылғы жаз басталғалы бері бірнеше қайтара ұйымдастырылды. Алғашқы мүмкіндік анықталған бойда, елордалық балалардың ипподрмға баруын ұйымдастырып келеміз»,-дейді Е. Кеңгірбаев.

 «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

 






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта