Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

«Туған елге саяхат» пойызы өңірлерге жүріп кетті

 

Теміржолшылардың 200-ден астам балалары  «Туған елге саяхат» теміржол туристік пойызымен Астана-Екібастұз – Алматы- Байқоңыр – Астана бағдарымен сапарға аттанып кетті. Олардың қатарында «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялары тобындағы кәсіпорындардың балалары да бар. Балалардың барлығы да шалғайда тұратын, сабақтарын үздік оқитын, көп балалы мен толық емес отбасыларының тәрбиеленушілері. Оқушылардың арасында «ҚТЖ» ҰК» АҚ Әлеуметтік жобалар қоры, «Samruk-Kazyna Trust және «Қазақ радиосы» бірлесіп ұйымдастырған «Ғаламшарды қалай сақтап қаламыз?» байқауының жеңімпаздары да бар.  

Балалар сапары барысында ЭКСПО -2017 халықаралық көрмесімен де танысады. Екібастұздағы ірі жылу -электр орталығының қызметімен, көмір бассейнімен, Төретам станциясындағы Байқоңыр ғарыш айлағының тарихымен, оңтүстік астанадағы зоопарк, аквапаркті тамашалап, қаланы аралайды»,-дейді «ҚТЖ» ҰК»АҚ Әлеуметтік жобалар қорының директоры Ербол Кеңгірбаев.

Балалар сапар барысында түрлі байқауларға, ойындарға, танымдық сабақтарға, ағылшын тілін үйрену курстарына қатысады.

Биылғы тамызда «Туған елге саяхат» екінші туристік пойызы Астана- Ақтау-Түркістан–Алматы-Астана бағдарына сапар шегеді. Туристік пойыз құрамында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ компаниялары тобы қызметкерлерінің балалары мен 12- 15 жасар балалар арасындағы «Болашақтың қуатын көз алдымызға қалай елестетеміз?» кезекті байқауының 50 жеңімпазы қатысады.

Байқау шілденің 10-ында мәреге жетеді. Байқау туралы мәліметті балалардың туристік пойызын ұйымдастырушылардың әлеуметтік желілері мен ресми Интернет-сайттардан білуге болады.

 

 «Қазақстанстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

 






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта