Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

Мәскеуде Достастыққа қатысушы елдердің теміржол көлігі қызметінің жұмыс қорытындысы шығарылды



«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев бастаған делегациясы 18-19 мамырда Мәскеудегі Достастыққа қатысушы елдердің теміржол көлігі Кеңесінің 66-шы отырысына қатысты.

Биылғы отырыс Кеңестің құрылғанының 25 жылдығына арналды. 1992 жылы Достастыққа қатысушы елдердің басшылары посткеңестік кеңістікте теміржол көлігі саласын дамыту мен қызметін үйлестіріп отыратын мемлекетаралық стратегиялық маңызды шешімдерді шығарып отыратын ұйым құрды.

Теміржол көлігі жөніндегі Кеңес ТМД елдері серіктестігін дамытуға тиімді ықпал еткен маңызды шешімдер қабылдаған алғашқы мекемелердің бірінен саналады. Осы жылдары Кеңес экономикалық ынтымақтастықтағы үкіметаралық орган ретінде қалыптастырды. Кеңес отырысындағы іскерлік қадамдар «1520 кеңістігіндегі» теміржолдардың тұрақты және тоқтаусыз қызмет етуін қамтамасыз етті.

Мерейтойлық отырысқа Әзербайжан, Армения, Беларусь, Грузия, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Украина, Өзбекстан теміржол әкімшіліктерінің жетекшілері, сонымен қатар Кеңестің қауымдастығына мүше елдер Болгария, Грузия, Латвия, Финляндия теміржол әкімшіліктерінің басшылары қатысты. Сонымен қатар бақылаушылар ретінде Иран теміржол әкімшілігі мен Теміржол және көлік құрылысшылары кәсіподақтары Халықаралық Конфедерациясының өкілдері қатысты.

2016 жылғы және 2017 жылғы бірінші тоқсандағы халықаралық бағдардағы жолаушылар тасымалдаудағы теміржолды пайдалану қорытындысы бойынша Кеңестің 65-ші отырысы шешімдерінің орындалу нәтижесі қаралды.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшысы Қ. Алпысбаев халықаралық серіктестікті дамытуға қосқан үлесі үшін «Құрметті теміржолшы» белгісімен марапатталды. Компанияның бірқатар қызметкерлері Достастыққа қатысушы мемлекеттердің теміржол көлігі Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Отырыс барысында пойыз қозғалысының нормативтік кестесі, өткен жылғы жүргізіліген контейнерлер санағының қорытындысы, биылғы жылы жүк вагондары санағын жүргізуге дайындық барысы, теміржол көлігі әкімшіліктері арасындағы өзара есеп айырысу жайлары секілді ондаған мәселе қаралды. Жалпы алғанда, отырысқа қатысушы елдер арасындағы теміржол көлігінің тұрақты қозғалысын ұйымдастыру, жолаушылар мен жүк пойыздарының кедергісіз жүруін қамтамасыз ету қарастырылып, келісілді.

Өткен жылы ТМД елдері теміржолдарында өндірістік көрсеткіштер жақсарды. 2015 жылмен салыстырғанда жүк тиеу жоспары 100, 9 % орындалды. Биылғы жылғы алғашқы тоқсанда 2016 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 5,8 % артты.

Өткен жылы 1946,9 млн. тонна жүк тасымалданды. Биылғы бірінші тоқсанда 480, 4 млн. тонна жүк жіберілді.

Теміржол әкімшіліктері арасында өткен жылы мен биылғы бірінші тоқсанның міндеттемесін асыра орындаушылар қатарында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ (1,8% және 8,1%) да бар.

Биылғы жылдың алғашқы тоқсанында жолаушылар тасымалдау көлемі 3,5 пайызға өсті. Биылғы қаңтар-наурызда Компания 4,5 мың жолаушыны тасымалдаған.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

 



 






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта