Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

Теміржолшы Сайрамбаевтар отбасы Еңбек династиясы күніне қатысты

17 мамырда «Самұрық- Қазына» АҚ компаниялары тобы Еңбек династиясы күнін атап өтті. Шараға «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ында  қызмет ететін еңбек династиясының өкілдері қатысты. Теміржол саласының еңбек династиясының өкілі ретінде Сайрамбаевтар отбасы ұсынылды.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы –«Теміржол көлігі персоналын бағалау және дамыту орталығының» Стандарттау, сертификаттау және метрология орталығының бастығы Е. Сайрамбаев барды.

Оның әкесі Махамбет Сайрамбаев 1928 жылдары еңбек жолын жол жөндеушіліктен бастаған болатын. Ол алты бала тәрбиелеп өсірді. Балаларының барлығы тағдырын теміржолмен табыстырды. Қазіргі кезде Сайрамбаевтар отбасының жалпы жұмыс өтілі 300 жылды құрайды.

«Еңбек династиялары ұрпақтар сабақтастығын сақтап келеді. Олар өсер жасты тәрбиелеп мамандық алуға, еңбекке құрметпен қарауға шақырады»,-дейді Е. Сайрамбаев.

Еңбек династиясы күні аясында үлгілі отбасыларын марапаттау салтанаты өткізіліп, қалалық «Арай» саябағына Еңбек династиясы қорының аллеясына ағаштар отырғызды.  Еңбек династиясы күнін

«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялары тобы 2013 жылдан бері өткізіп келеді. Бұл өз кезегінде бұқаралық түрде аталып өтілетін Халықаралық Отбасы күніне белгіленген.

 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

 

 






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта