Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшысының Наурыз мерекесімен құттықтауы



Құрметті әріптестер мен қонақтар!



Сіздерді «Қазақстан темір жолы» басшылығы атынан «Наурыз» мейрамымен құттықтаймын.

Бұл көктемгі мерекені тойлай отырып, Біз еліміздегі барлық ұлттар мен ұлыстардың арасындағы бейбітшілік, келісім, достық атты қастерлі ұғымдардың қалыптасқандығын көреміз. Бұл күн жасарып, жаңғырудың, ашықтық пен төзімділіктің, сенім мен өзара көмек беру секілді адамгершілік асыл қасиеттердің символы болып табылады.

Мыңдаған адамдардан тұратын Компания ұжымы Қазақстанның көлік-логистикалық кешенінің қалыптасуына, экономиканың тұрақты дамуына, аймақтық және ғаламдық көлік желісіне қосылуына қызмет етуде.

Мемлекет басшысының Жолдауында еуразиялық логистикалық инфрақұрылымды одан әрі дамытуға ерекше назар аударды. Біз трансқазақстандық бағдарлармен жүк ағындарын өсіріп, жолаушылар тасымалындағы сапалы қызмет түрлерін жақсартамыз.

Біз мереке қарсаңында алғашқы Алматы-Ташкент халықаралық жүрдек пойызын шығардық. «Тұлпар-Тальго пойызы екі бауырлас елдердің арасында тұрақты түрде қатынайды.

Алдағы уақытта «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы берілген тапсырмаларды табысты жүзеге асыратындығына сенім білдіремін.



Құрметті әріптестер!



Наурыз мерекесі Сіздерге және туыстарыңызға бақыт әкелсін! Біздің ортақ үйіміз Қазақстан Республикасы одан әрі серпінді дами берсін!



«ҚТЖ»ҰК» АҚ президенті

Қ. Қ. Алпысбаев .

 

 

       






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта