Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

«ҚТЖ» ҰК» АҚ мен «Etihad Rail» (БАӘ) көлік-логистика саласындағы байланысты қалыптастыруға мүдделі

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Қанат Алпысбаев Қазақстанның транзиттік мүмкіндігімен және көлік- логистикалық инфрақұрылымымен танысуға келген «Etihad Rail»(БАӘ) теміржол компаниясы делегациясымен кездесті.

 

Кездесу барысында Қ. Алпысбаев теміржол, теңіз порты, әуежай инфрақұрылымы, көлік-логистикалық орталықтарын басқарып отырған Компанияның мультимодальдық көлік-логистикалық қызметін көрсету барысымен таныстырды.

 

Қ. Алпысбаев «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның Қазақстан экономикасын дамытудағы маңызын айта келіп, Компанияның ел әлеуетін дамытудағы жүзеге асырып жатқан транзиттік және экспорттық жобаларына тоқталды. Қазіргі кезде теміржол көлігі машинасын жасау саласы серпінді дамуда. Әлемдік жетекші компаниялармен бірлесіп отандық теміржол көлігі өндірісі жолға қойылды.

 

Қазақстанда соңғы үлгідегі жүк және жолаушылар вагондары, локомотив құрастырылып, рельстер, жолдың үстіңгі қабатына қажетті материалдар шығарылады.

 

«Etihad rail» Бас директоры Ф. Мазрузидің айтуынша, «теміржол компаниялары арасындағы байланысты дамыту  ҚР мен БАӘ арасындағы екі жақты серіктестікті дамытудың мыңызды бағыты болып табылады».

 

Ф. Мазрузидің осы сапар барысындағы Қазақстанның көлік-логистикалық кешені мүмкіндігімен танысудың маңызын айта келіп, «қазақстандық әріптестерінің теміржолды басқару мен құрылысын жүргізудегі тәжірибесін БАӘ теміржолын дамытуға табысты пайдалануға болатындығын» атап өтті.

 

«Etihad rail» делегациясы «ҚТЖ» ҰК» АҚ құрылымдық бөлімшелерінің қызметімен транзиттік, интермодальдық тасымалдау логистикалық қызметінің болашағымен танысты.

 

«Etihad rail»  теміржол компаниясының өкілдері   «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ, «Тұлпар Тальго» ЖШС, «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА нысандарының жұмысымен танысты.

 

 «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

   

 

 






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта