Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

Алматы теміржолшылары Жолдаудың негізгі бағыттарын талқылады

Алматыда теміржол бөлімшесінің құрылымдық бөлімдерінің басшылары, Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы оқытушылар құрамы «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты биылғы Жолдауды талқылады.

 

Жиынға қатысушылар алдында «ҚТЖ» ҰК» АҚ Корпоративтік қамту жөніндегі вице-президенті Эрик Имашев сөз сөйледі.

 

Э. Имашев Мемлекет басшысының «ҚТЖ» ҰК» АҚ алдына қойып отырған тапсырмалары туралы айта келіп, ««ҚТЖ» ҰК» АҚ Бүгінгі таңда «ҚТЖ» ҰК» АҚ 2025 жылдарға дейінгі техникалық саясаты Тұжырымдамасын жасауда. Ол тұжырымдамада ИТ-стратегия, автоматтандыру, технологиялық үдерістерді цифрлық және роботтық жабдықтау көрсетіледі»,-деп атап өтті.

 

Вице-президенттің айтуынша Компания өзінің стратегиялық дамуындағы негізгі тәртіптерге орай, әлеуметтік міндеттемелерін, кадрлық және жастар саясатын тұрақты назарда ұстайды.

Э.Имашев Компанияда 2017 жылы филаиалдар мен шалғайдағы еңбеккерлердің жалақысына 5 пайыз үстеме қосу туралы шешім шыққандығын жариялады.

Оның айтуынша, «сыйақы тағайындау жүйесі жаңғыртылуда. Салалық жарыс тәртібі қарастырылуда. Еңбек ақы қорын мақсатты жұмсау механизмдері өндіріске енгізілуде».

 

Ұжымдық шарт бойынша Компания 2017 жылға 6млрд. 670 млн. теңге көлемінде әлеуметтік жеңілдіктер қарастырды. Оның ішінде 4млрд. 266 млн. теңге материалдық көмекке жұмсалады.

 

«Әлеуметтік қаржының негізгі бөлігі теміржол көлігімен жеңілдікпен жүруді, бала туғандағы материалдық көмек, әлеуметтік- тұрмыстық комиссия, некеге отыру, Отбасы күні, жас мамандарға қаморлық сынды бағыттарды қамтиды»,-дейді Э. Имашев.

 

«Зейнеткер-теміржолшыларды қолдауға 600 млн. теңге қарастырылған. Биылғы жылы Компания «Тұлпар-Тальго» пойызына теміржолшы-зейнеткерлердің тегін жүруін енгізуде»,-дейді вице-президент.

 

Жолдауды талқылауға теміржол көлігі ардагері Қ. Сәмбетов, «ҚТЖ- Жүк тасымалы»Алматы бөлімшесінің директоры С. Алишев, «ҚККА» АҚ президент-ректоры Б. Қуанышев басқа да құрылым басшылары қатысты.

 

Саланың ардагері Қ. Сәмбетовтің айтуынша, «ҚТЖ» ҰК» АҚ Қазақстан экономикасының бәсеклесттік қабілетін көтере түсу үшін, технологиялық жаңғыртуды қолға алғандығына тоқталды.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

 

 

 






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта