Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

Жолдауды қолдау

 

Жолдауды Сыр болатжолшылар қолдайды

 

Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауында- «Үшінші жаңғырудың» негізгі бес басымдылығын баяндап берді. Олар экономиканың әлемдік өсімінің орта деңгейінен жоғары қарқынды қамтамасыз етуге және отыз озық дамыған елдің қатарында тұрақты ілгерілеуге лайықталған, жасампаздықтың жаңа кезеңінде жарияланған Еліміздің жаңа құжатында, Президент атап көрсеткендей, бес басымдық ел алдындағы жаңа бастамаларды бағындырар жаңа бағдаршам болмақ. Басымдықтардың бастауында экономиканы жеделдетілген технологиялармен жетілдіру міндеті тұр. Бұл жаңа заманның шақыруларына лайықты Жолдау. Қазір Елбасымен Жолдауда белгіленген басым бағыттарды тұрғындар арасында түсіндіру шаралары қызу жүргізілуде. Жолдауда көрсетілген негізгі бағыттарды орындаудан туындайтын мәселерді түсіндіру мақсатында ұйымдастырылған осындай салтанатты шара бүгін Асқар Тоқмағанбетов атындағы Қызылорда қалалық мәдениет сарайында Сыр өңіріндегі теміржол саласы мамандарымен өткізілді.

Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов медораторлық жасаған айтулы шараға ҚР инвестициялар және даму министрлігі, көлік комитетінің төрағасы Әсет Асанұлы Асавбаев, «ҚТЖ» АҚ вице-президенті Арман Тұрлыханұлы Сұлтанов, Магистральдық желі дирекциясы бас инженері Қайырбек Орынбаев, «ҚТЖ-ЖТ» бас инженері М.А. Шакенов, Цпроф Жұпарбек Абзалбекұлы Сабитов және жергілікті атқарушы билік өкілдері, аймақ теміржол саласы басшылары мен теміржолшылар қатысты.

Аймақтағы жол, көлік транспорт саласы мамандары түгел жиналған жиында сөз алған Арман Сұлтанов. Президенттің кезекті Жолдауында еліміздің даму бағыттарын негізделген басты бағыттар айқындалған.

Елбасымыз Н. Назарбаев биылғы Жолдауында жаңа индустриялар құру мен қатар мен технологияларды дамытып, дәстүрлі базалық салаларды дамытуға серпін беруіміз керек. өнеркәсіп, агроөнеркәсіптік кешен, көлік пен логистика құрылыс сектроры және басқа салалар деген болатын.

-Жолдауда еліміздің көлік кешенін дамытуға үлкен назар аударылған. Көлік саласын әлеуетін арттыру үшін дамудың бірнеше жобасы қабылданатын болады, оның бірпарасы-Халықаралық көлік логистикалық басқарма. Бүгінгі күні елімізде заманауи «Жібек жолын» дамытудың жаңа бағдарын қалыптастырып келеді. Бұл Азия мен Еуропа арасын көлік құралымен жалғастырудың жаңа жобасы ретінде «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» көлік дәлізі салынып, пайдаланылуда. Бұл жолдың 817 шақырымы Қызылорда облысынан өтеді. Сыр өңірінен іргесі қаланған «Бейнеу-Сексеуіл-Жезқазған» темір жолы да тауар айналымын арттырудың маңызды бөлшегі. Бұл жаңа жолмен өткен жылы 15,6 млн тонна жүк, Жезқазған-Қызылорда жолаушылар пойызымен 74 мың шамасында жолаушы қатынасы ұйымдастырылған. Алдағы уақытта көліктік логистиканы дамыту шеңберінде төрт халықаралық көлік дәлізі ашылатын болады,-деп Жолдауда белгіленген мақсатттарды орындауда көлік саласына қатысты атқарылған және атқарылуы тиіс бағдарламаларға шолу жасады министрлік өкілі.

Теміржол ел экономикасының күре тамыры десек, ғасырдан аса тарихы бар болатжол саласы-Қазақстан теміржолы компаниясы бұхараның әлеуметтік, экономикалық даму жолындағы тұрақтылықты ұстануда ерекше мәнге ие. Осыған орай «ҚТЖ» ҰК АҚ вице-президенті Арман Тұрлыханұлы Сұлтанов баяндама жасады.

-«Қазақстанның үшінші жаңғыруы» атты Елбасы Жолдауы көлік саласы еңбеккерлеріне ерекше міндет жүктегейді. Әр қайсымыз осы тапсыраларды орындауда аянбай тер төгуге мүделіміз. Жаһандық дамудың жаңа жолында өз орнымызды қалыптастыруға міндеттейтін мемлекеттік бағдарламалар, Жолдауды орындаудағы бес басымдық болат жол саласын жаңа технологиялармен жетілдіру жайлы тапсырмалар ел экономикасын дамытуға біріктіріліп отыр. Осы міндеттерді орындау процесінде әлеуметті болат жол саласының еңбеккерлерінсіз елестету қиын. Халық алдындағы міндет болатжолшылар үшін маңызды, біздер Жолдауда көрсетілген Елбасы тапсырмасын орындауға бір кісідей атсалысамыз,-деп әріптестерін жігерлендірді Ұлттық компания өкілі.

Мұнан кейін құрметті меймандарға теміржолшылардың көкейдегі сауалдары қойылып, оларға жауап берілді.

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда

Суретті түсірген Өмірбай Түменбай

 


 

Ақтөбе

 

«ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы  — Магистральдық  желілер дирекциясының  директоры Жарас Ізғұлов бастаған топты  Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесінің мәжіліс залына лық толы теміржолшылар қарсы алды.

Елбасының өткен айдағы халыққа жолдауының  маңызы, теміржолшыларға артып отырған міндет-мақсаты жайлы кеңінен толғаған Жарас Төкенұлы, Жолдау – БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің мүшесі болған, биыл ауқымды шара EXPO-2017 көрмесі өткізгелі отырған Қазақстандай ел дамуының бағдарламасы деді өз сөзінде.

–     Біз бір салада еңбек еткен соң, бір бірімізді жақсы түсінеміз, Елбасы тапсырмаларын жүзеге асыру барысында илейтініміз де бір терінің пұшпағы болмақ. Жалпы, жаңғырту шаралары бұрыннан қолға алынып келеді. Жасалған жұмыс аз емес. Жоспар мен жоба одан көп. Ендігі мақсат – жолдауда айтылған жаңғырту жаңашылдықтардың қажеттігін көздейді. Цифрлы Қазақстан бағдарламасы аясында роботтар шығарылу керек. Компьютерлендіру шаралары қолға алынуы қажет, –  деген Қуат Есімханов Елбасы жолдауындағы тапсырмаларды орындауда темір жол саласының да рөлі бар екеніне тоқталды.  – Әсіресе, логистика саласын дамыту бойынша, Қазақстан экономикасының күре тамыры темір жолға салмақ  түсетін болады. Контейнерлік тасымал арқылы портқа қатынау, одан басқа мемлекеттерге шығу, халықаралық стандарттарға сай жұмыс істеу керек. Тасымалдан түсетін пайда миллиардтаған долларға жету керек,– деді баяндамашы.

Жиын соңында сөз алған Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесінің директоры Мағауия Оразқұлов Елбасы жолдауын теміржолшы қауымға жеткізуге келген астаналық меймандарға көпшілік атынан  алғысын білдірді.

Асқар АҚТІЛЕУ,  Ақтөбе

 


 

Жолдау жүктеген міндеттер

 

Елбасының биылғы халыққа арнаған жолдауына қатысты кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді теміржолшылар да бастап кетті.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшыларынан құрылған ақпараттық-насихаттық тобы бүгінгі таңда батыс теміржолшыларын аралап, жолдау жүктеген міндеттерді түсіндіруде.

Маңғыстау

Дүйсенбі  күні түбек темір жолына ат басын тіреген  топ құрамында «ҚТЖ» ҰК» АҚ Магистральдық желі дирекциясының директоры Жарас Ізғұлов, «Теміржолсу» АҚ президенті Қуат Есімханов, «ҚТЖ» ҰК» АҚ магистральдық желі дирекциясының кадр және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі басқарма бастығы Руслан Барбасов, «ҚТЖ» ҰК» АҚ магистральдық желі дирекциясының қызметкерлері  Аманқос Баймағамбетов пен  Адилбай Семеновтар болды.

Мемлекет басшысының  «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауына байланысты кең көлемде түсінік берген топ мүшелері, оның ішінде темір жол, көлік саласына байланысты міндеттерге кеңінен тоқталды.  

– «Алтау ала болса ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса төбедегі келеді» деген дана халқымыз. Елбасының халыққа жолдаған жолдауының жүгін қалың ел бірге көтеріссек, алынбайтын қамал жоқ.  Елбасының осы жолғы жолдауында сөз болған үшінші жаңғырудың алға қойып отырғаны –  технологиялық жаңғыруды тездетіп жасау. Тағы бір нақты жоспар –  Қазақстан экономикасы жыл сайын бес пайызға өсіріп отыруға қол жеткізу. Жолдауда аты аталынып, түсі түстелген басымдықтың бірі – Құрық порты.  Болашақта Құрық портын  Қазақстанның ең қуатты халықаралық портына айналдыру мына сіздер мен біздердің міндетіміз, –  деді өз сөзінде Қуат Есімханов.

Қарт түбектің халқымен екі-үш сағат мәжіліс құрған  насихаттық топ сапарын әрі қарай жалғастырып, Ақтөбе, Орал, Атырау аймақтарына бет түзеді.

                                                Әсел ТАҢАТАРОВА

 

 






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта