Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

Магнитогорлық комбинаттың өнімі Каспийге келіп жетті

 

Магнитогорлық металлургия комбинатының қара металл прокат топтамасы Ақтаулық солтүстік теңіз терминалына келіп жетті.

 

Бұл жөнелту ҚР Президенті Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастығының XIII форумы кезінде берілген тапсырмасы аясында жүзеге асырылады.

Ақтау солтүстік теніз терминалының күшімен қара металл прокаттың алғашқы жөнелтімін «ҚТЖ» ҰК» АҚ» еншілес компаниясы «KTZ Express» АҚ  жүзеге асырады.

«Теміржол, теңіз көлігі  мен қойма логистикасын қосатын, мультимодальдік тасымалдауды дамытудың бұл жаңа жобасы Қазақстанның транзиттік-көліктік потенциалын ұлғайтып қана қоймай, сонымен қоса ресейлік жүк ағынның көлемі арттады, соның ішінде қара металл прокатқа ирандық өтім нарығына жол ашады», - деп айтып кетті «KTZ Express» АҚ логистика бойынша вице-президенті Ерлан Махаш.

 

    

Бұл бағыттың басты тартымдылығы оның жеткізу мерзімі, АСТТ жоғары дамыған инфрақұрылымы мен аймақтағы ауа райының қолайлығында.

 

Қазіргі таңда металл порттың басты жүктерінің бірі. АСТТ металдың жөнелту ағының күшейту аясында барлық тиісті шаралар қолданып жатыр: жүкті өңдеу түрлерін, есептеу мен таңбалауды жетілдіру, қызметкерлерді оқыту.

 

Айта кететін жайт, Солтүстік терминал Каспий теңізінің шығыс жағалауында орналасып (Ақтау халықаралық теңіз портынан 10 км),  өз алдына көпмақсатты кешен. Ол жалпы есеппен 3 млн тонна жүк аударуды қамтамасыз етеді. Оның 650 мыңы негізгі жүк. АСТТ Орталық және Орта Азия, Қытай, Кавказ бен Парсы шығанағын қосатын «Шығыс қақпасы»халықаралық дәлізінің бөлігі болып табылады.

 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

 






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта
Конкурс Детская улыбка