Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

Ақылы тұрақ жүйесі Астана теміржол вокзалының жұмысына әсерін тигізбейді

 

2017 жылдың 10 қаңтарынан бастап Астана теміржол вокзалы маңындағы алаңда ақылы тұрақ жүйесі енгізілді.  Бұл орайда бүгін вокзал маңындағы алаңда кептіліс пайда болды.

 

Астана қаласы көлік инфрақұрылымның ортақ операторы «Астана LRT» ЖШС теміржол вокзалында ақылы тұрақты төлеуге арналған үш автомат орнатқызды.

 

Астана қаласы әкімдігінің 2016 жыл 19 қазандағы қаулысына «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ  жалға алатын теміржол маңындағы алаңды кішірейту туралы өзгертулер енгізілді.

 

Вокзал маңындағы алаңның ақылы тұрақ ұйымдастырылған бөлігі  «ҚТЖ» ҰК» АҚ бақылауында емес.

 

Болған кептіліс теміржол вокзалының жұмысына мен жолаушы пойыздардың қозғалысына бөгет келтірмеді.

 

Айта кететін жайт, Астана теміржол вокзалы тәулік сайын 20 мыңға жуық жолаушыға қызмет көрсетіп, 50-дей жолаушы пойыздарын өткізеді.

 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта