Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз


«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы

Вагон қараушысы әріптестеріне шеберлік сабақ өткізуде

Семей станциясының ӨТБ аға вагон қараушысы Бекболат Мұстафин әріптестеріне шеберлік сабақ өткізуде. Тәжірибелі маман кәсіпқой шеберлігімен ғана емес, сонымен қатар ұзақ жылдар бойы жинақталған білімімен бөлісті.

 

Бекболат Мұстафин Семей станциясының вагон пайдалану депосының ең үздік мамандарының бірі болып табылады. Оның қызметіне деген адал ниеті мен тиянақтылығының көмегімен пойыз қозғалысына кедергі келтіретін бірнеше қауіп-қатердің алдын алды. 2016 жылы бүйір рамасының 7 кінәратын тауып, өз саласында үздік атанды. Өткен 2015 жылы жүк вагон арбаларының бүйір рамасының 10 ақаулығын тауып, бөлімше бойынша жыл рекордын орнатқан болатын. Көрсеткен қырағылығы мен адал қызметі үшін Бекболат Мұстафин «Қозғалыс қауіпсіздігі үшін» медалін өңіріне тағыпты.

 

«Вагонды тексергенде доңғалақ жұптары мен фрикциондық сынаға аса маңызды көңіл бөлген жөн. Көбінесе жылжымалы құрамды пайдаланысқа дұрыс бермеген жағдайда қозғалыс бөлігінің ақаулығын тудырады» - деп Бекболат Мұстафин атап кетті.

 

Сонымен қоса  ол пойыз қозғалысының қауіпсіздігіне ақаулық төнгізген өнімдердің шығарылатын зауыттары туралы, бүйір жақтаушасы мен арба арқалықтардың сынуы жайлы ақпарат  жинап зерттейді. Тексеріс кезінде кәсіпорындардың таңбаларына назар аударады.  Кінәраттық жағдайға көп әкелген зауыттардың бөлшектері бар вагондарды мұқият тексереді.

 

 «Ақаулықтардың алдын алуда әртүрлі әдістерді кеңінен қолдану керек. Әрдайым білімінді жетілдіріп, тәжірибе жинап, онымен жас мамандармен бөлісу керек. Ең бастысы жұмысты адал ниет пен жан-тәнімен толық беріліп атқару» - деп ең үздік вагон қараушысы әріптестеріне кеңес берді.

 

 «Бекболат теміржолда 20 жылдан астам жұмыс істеп келе жатыр. Күрделі өндіріс жағдайларында ол әрқашанда тез арада тиімді шешім қабылдай алады», - деп «Жүк тасымалы» АҚ филиалының Семей вагон пайдалану депосының директоры Асет Сулейменов айтып кетті.

 

Вагон қараушысы Бекболат Мұстафин пойыз қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуде өзінің адал еңбегімен өнеге бола алады.

 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

 

і

 





Оценка дизайна web-сайта