Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз


«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы

Достық станциясы арқылы Қытайдан Ұлыбританияға контейнерлік пойыз жолға шықты

Достық станциясы арқылы Қытай-Ұлыбритания бағытымен алғашқы контейнерлік пойыз іске сәтті қосылды. Пойыз ҚХР шығысында орналасқан Иу қаласынан Ұлыбританияға дейін жол жүреді.

Бұл бағыттың «Қазақстан теміржолы» ҰҚ» АҚ серіктестері үшін жағымдылығы қазақстандық станцияда көрсетілетін логистикалық қызметтің сапасында.

Достық станциясында мемлекеттік шекарадан өтетін пойыздарды қабылдау мен жіберудің толық кешені орындалады. 2016 жыл аралығында Достық станциясы арқылы 1100 контейнерлік пойыз өтті.

Қытай-Ұлыбритания бағытымен аттанған контейнерлік пойыз 12 мың шақырым жүріп, Қазақстан, Ресей, Беларусь, Польша, Германия, Бельгия, Франция елдерінен өтеді. Пойыздың жолда болатын болжаланған уақыты – 18 тәулік.

Пойыз құрамында халық тұтынушылық тауарлармен жабдықталған 44 контейнер бар.

Ұлыбритания ҚХР-мен тікелей теміржол байланысын орнатқан 18 еуропалық ел болып келеді. Қытай Еуропа мемлекеттерінде өз теміржол бағыттарын «Жаңа Жібек жолы» бағдарламасы аясында кеңейтіп жатыр.

 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

 





© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Оценка дизайна web-сайта