Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз


«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы

«ҚТЖ» ҰК» АҚ тарапынан жаңа жылдық сыйлықты жетім балалар алды





«ҚТЖ» ҰК» АҚ жаңажылдық сыйлықтарын 70 мыңнан астам он жасқа дейінгі жетім балалар алды. Жаңа жылдық тәттілер Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Бозайғыр селосындағы әлеуметтік жағынан аз қамтылған және көп балалы отбасылары мен ата-анасыз балалардың орта мектебіне жіберілді.

« Біз жыл сайын Жаңа жылда өзіміздің еңбеккерлердің балаларын қуантуға тырысамыз. Бұл қзаргі кезде дәстүрге айналған. Мектептің өзіне барлық балаларды жаңа жылдық сыйлықтармен қамту мүмкін болмағандықтан мектеп өтінішіне «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығы көңіл бөліп, балаларға қуаныш сыйлады»,-дейді «ҚТЖ» ҰК» АҚ Адами ресурстарды басқару департаментінің бас менеджері Қорлан Медиханова.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ өзінің бизнес жобаларын жүзеге асырумен қатар экономикалық қана емес, әлеуметтік салаға да баса назар аударып келеді.

Биылғы жылы Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне Ұлттық компания республикалық «25 қайырымдылық іс» марафонына қатысты.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ мен еншілес кәсіпорындары, құрылымдық бөлімшелері жыл бойына 25 қайырымдылық акцияларын өткізді. Олардың ішінде мүгедек балаларға көмек, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне және темір жол ардагерлеріне қолдау көрсетті.

Компанияның өңірлердегі құрылымдық бөлімшелері акция аясында балалар үйлеріне, концерттік бағдарламалар, түрлі ойындар көрсетті. Көп балалы, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылары, асыраушысынан айырылған отбасыларының тәрбиеленушілеріне жылы киімдер, ойыншықтар, қаржы жинау үшін қайырымдылық жәрмеңкелерін де өткізді.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

  





Оценка дизайна web-сайта