Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

Директорлар кеңесі

Директорлар кеңесі Компанияның стратегиялық мақсаттарын, дамуының басым бағыттарын анықтайды және қызметінің ұзақ мерзімді перспективаға арналған негізгі бағдарларын белгілейді, қойылған мақсаттарды жүзеге асыру үшін қажетті қаржылық және адами ресурстардың болуын қамтамасыз етеді. Директорлар кеңесі «ҚТЖ» ҰК» АҚ атқарушы органының қызметіне бақылау жасауды жүзеге асырады.

Директорлар кеңесінің құрылымы Жалғыз акционердің мүдделерін әділ және объективті ұсынылуын қамтамасыз етеді.

Директорлар кеңесінің сандық құрамын жалғыз акционер анықтайды. 

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Директорлар кеңесі 8 мүшеден тұрады, олардың 4-еуі тәуелсіз болып табылады.

Директорлар кеңесі Жалғыз акционердің алдында Компанияны тиімді басқару мен қызметіне тиісінше бақылау жасау үшін жауапты болады..

Қазіргі уақытта «ҚТЖ» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің жанында келесі комитеттер жұмыс істейді (Директорлар кеңесінің 2015 жылғы 22 шілдедегі шешімі, №7 хаттама):

  1. Келесі құрамдағы  «ҚТЖ» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі комитеті:
  2. Келесі құрамдағы  «ҚТЖ» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің Стратегиялық жоспарлау жәнеинновациялар жөніндегі комитеті
  3. Келесі құрамдағы  «ҚТЖ» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің Кадрлар және сыйақылар мәселелері жөніндегі комитеті
  4. Келесі құрамдағы  «ҚТЖ» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің Қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі комитеті

Директорлар кеңесі Компанияның стратегиялық дамуының басым бағыттарын анықтайды,өндірістік-қаржылық сипаттағы мәселелер бойынша шешімдерді қарайды және қабылдайды.

2015 жылы«ҚТЖ» ҰК» АҚ Директорлар кеңесі 11 отырыс өткізген, оның 9-ы күндізгі және 2-еуі сырттай отырыстар.

2015 жылы сондай-ақ «ҚТЖ» ҰК» АҚ Директорлар кеңесі комитеттерінің 23 отырысы өткізілген.

2015 жылы «ҚТЖ» ҰК» АҚ Директорлар кеңесі 143 мәселені қарады, олардың ішінде келесілерге қатыстылар:

  •  Жалғыз акционерге– 1;
  •  «ҚТЖ» ҰК» АҚ Директорлар кеңесіне- 22;
  •  «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқармасына - 10;
  •  «ҚТЖ» ҰК» АҚ Ішкі аудит қызметіне - 9;
  •  әлеуметтік сипаттағы- 5;
  •  «ҚТЖ» ҰК» АҚ қызметін регламенттеуге - 4;
  •  өндірістік-экономикалық сипаттағы- 64;
  •  «ҚТЖ»ҰК» АҚ қызметі туралы есептерге- 19;
  •  жұмыс мәселесі– 9.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Корпративтік басқару кодексімен «ҚТЖ» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің қызметін жыл сайын бағалауды жүргізу қарастырылған, бұл ретте бағалауды үш жылда 1 реттен кем емес  тәуелсіз кеңесшілер жүргізуі тиіс. 

В 2012 жылы корпоративтік басқарудың ең үздік халықаралық практикасына сәйкес «ҚТЖ» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің қызметінбағалау тәуелсіз кеңесшіні тартумен жүргізілді, ал 2013 жылы «ҚТЖ» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің қызметінбағалау сауалнамалардың көмегімен өзін өзі бағалау әдісімен жүргізілді.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің қызметінбағалау «ҚТЖ» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген «ҚТЖ» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің және оның комитеттерінің, Директорлар кеңесі төрағасының, мүшелерінің және Корпоративтік хатшысының қызметін бағалау әдістемесінің негізінде жүргізілген. 

Бұл әдістеме Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, сондай-ақ корпоративтік басқарудың ең үздік халықаралық практикасының талаптарына негізделген «Самұрық-Қазына» АҚ еншілес ұйымдарының Директорлар кеңесінің және оның комитеттерінің, Директорлар кеңесі төрағасының, мүшелерінің және Корпоративтік хатшысының қызметін бағалау әдістемесінің негізінде әзірленген.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің және оның комитеттерінің, Директорлар кеңесі төрағасының, мүшелерінің және Корпоративтік хатшысының қызметін бағалау әдістемесіне сәйкес бағалау технологиясына «ҚТЖ» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің барлық мүшелеріне сауалнама жүргізу енген.   

Бағалау нәтижесі «ҚТЖ» ҰК» АҚ Директорлар кеңесіне корпоративтік басқару практикасын одан әрі дамыту жөніндегі бағытты көрсетті.

Корпоративтік хатшының өз функцияларын орындауын қамтамасыз ету үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ-та Корпоративтік хатшының аппараты (бұдан әрі – Аппарат) құрылған. Аппарат Компанияның құрылымдық бөлімшесі болып табылады, оның құрамында жеті қызметкер бар. Работники Аппарат қызметкерлері оларға жүктелген міндеттерді орындау үшін жеткілікті тиісті біліктілікке және дағдыларға ие. Корпоративтік хатшының аппараты туралы неғұрлым толығырақ ақпаратты Корпоративтік хатшы туралы ереженің 5-тарауында қараңыздар.

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің кейбір мәселелері туралы» «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының шешімі.

Жалғыз акционердің шешімімен «ҚТЖ» ҰК» АҚ Директорлар кеңесі келесі құрамда сайланған:

 

А.Ұ.Мамин

Директорлар кеңесінің төрағасы (қысқаша өмірбаяны)

 

 

Б.Т. Бейсенғалиев

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Активтерді оңтайландыру жөніндегі басқарушы директор (қысқаша өмірбаяны)

 

 

А.О.Илькявичюс

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Бизнесті трансформациялау жөніндегі Бас директор, Директорлар кеңесінің төрағасы, дара акционерлік қоғамының өкілі (қысқаша өмірбаяны);

 

 

Кристиан Кун (Christian Kuhn)

Тәуелсіз директор (қысқаша өмірбаяны);

 

 

Т.У.Сыздықов

Тәуелсіз директор (қысқаша өмірбаяны);

 

 

С.А.Святов

Тәуелсіз директор (қысқаша өмірбаяны);

 

 

Вильгельм Бендер (Wilhelm Bender)

Тәуелсіз директор (қысқаша өмірбаяны)

 

 

Қ.Қ.Алпысбаев

(қысқаша өмірбаяны).

 






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта