Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

Дамыту және оқыту

Қызметкерлер құрамының кәсіби дамуы және оларды оқыту Компанияның кадрлық саясатының негізгі бағыттарының бірі болып табылады
 
КӘСІБИ ДАМУ
Компаниядағы қызметкерлер құрамын даярлау және дамыту жүйесі біліктілік талаптары мен өндірістік қажеттіліктерге байланысты қызметтік кәсіп, орта-арнаулы, жоғарғы немесе жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім алу, сондай-ақ біліктілікті арттыру даярлығынан немесе арнайы іс-тәжірибелерден өту, оның ішінде шетелдерде тәжірибеден өту секілді жұмыстар түрінде көрінеді.
 
Қызметкерлер төменде көрсетілген бағыттар бойынша кәсіби даму мүмкіндігіне ие:
 
Ø магистратура және докторантура:
Компания өз қызметкерлерін магистратура/докторантура бағдарламалары бойынша шетелдік оқу орындарына жібереді және білім алумен байланысты барлық қажетті шығындарды (оның ішінде тұратын орны үшін, тамақтану, визалық алымдар, жүретін жол ақысы және т.б.) өз қаражаты есебінен өтейді. Магистратура/докторантура бағдарламалары бойынша білім алып шыққан қызметкерлер Компанияның ғылыми әлеуетін құрудың негізі болып табылады.
 
Ø қызметкерлердің жақын және алыс шетелдердің темір жол кәсіпорындарында іс-тәжірибеден өтуі: 
Бағдарлама қызметкерлер құрамының темір жол саласында өндірісті модернизациялау, инновациялық жобаларды жүзеге асыру жағдайында тиімді әрекет етуі үшін қажетті кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға бағытталған;
 
Ø қаржы-экономикалық блок қызметкерлерін ұлттық сертификаттау бағдарламалары бойынша оқыту және сертификаттау: 
Қаржы-экономикалық блок қызметкерлерінің халықаралық/ұлттық бағдарламалар бойынша біліктіліктерін арттыру. Компания қызметкерлерін тұрақты және қолжетімді түрде өз күшімен оқытуды қамтамасыз ету мақсатында қажетті кәсіби біліктілікке және оқыту іс-шараларды жүргізу дағдыларына ие фирмаішілік тренерлерді (дәріс берушілер) даярлау қарастырылады;
 
Ø қызметкерлер үшін мемлекеттік тілді үйрену курстарын ұйымдастыру:
Мемлекеттік тілді үйрету курстары Қазақстан Республикасы Конституциясының 7, 93 баптарын және Қазақстан Республикасында тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік тілді қоғамның барлық салаларында толыққанды қолдану үшін жүргізіледі;   
 
Ø қызметкерлер үшін ағылшын тілі курстарын ұйымдастыру:
Ағылшын тілін үйрету курстары қызметкерлерге әлемдік дерек көздерінен маңызды ақпарат алу дағдыларын кеңейту, шетелдік серіктестермен іскерлік байланыс орнату және келіссөздер жүргізу мүмкіндігін беру мақсатында жүргізіледі;
 
Ø қысқамерзімді тренингтер және семинарлар:
Қызметкерлерді шетелдік оқу орындарында оқыту бағдарламасы аясында Компанияның әкімшілік-басқару және инженерлік-техникалық қызметкерлер құрамының біліктілігін арттыру үшін Сарагос логистикалық орталығы (Испания), Массачусетс Технологиялар Институты (АҚШ), Гронтмих компаниясы (Швеция), Кюне атындағы Логистика Универститеті (Германия), Дьюк Университеті (АҚШ) секілді шетелдік серіктестер, сондай-ақ Франция, Италия, Швейцария және Австрияның темір жол саласында жұмыс істеп жүрген ірі компаниялары тартылған.
 
Өндірістік персоналды оқыту
Компания, ұлттық білім жүйесін жаңғырту бағытын қолдай отырып, кәсіптік даму мен персоналдың біліктілік деңгейін дамытуға ерекше көңіл бөледі, дуалды оқыту жүйесін іске асыруға белсенді қатысуда.
 
Астана қаласындағы Оқу орталығының негізгі мақсаттары:
-корпоративтік стандарттар мен оқу жоспарларын іске асыру;
-оқу процессі мен персоналды дамытудың жоғарғы сапасын қамтамасыз ету;
-жаңа заманауи оқу әдістемесін ендіру;
-Компания қызметінің басым бағыттары бойынша өндіріске инновациялық технологияларды ендіру кезінде жедел қимыл мен қоэғалу;
 
Қазіргі уақытқа сай оқу-әдістемелік базасы бар Орталықта 2012 жылғы тамыздан бастап бүгінгі күнге дейін «ҚТЖ» ҰК» АҚ 7000 шамасында қызметкерлері өндірістік оқудан өтті.
 
Кооперативтік (дуалды) білім жүйесін ендіру шеңберінде Орталықта тәжірибелік оқудан Республиканың салалық колледждерінің 491 студенті өтті (2012 жылы – 223 адам, 2013 жылы - 268 адам).
 
Орталықта үнемі қалалық және республикалық ісшаралар өткізіледі, сонымен қатар Компания қызметкерлерін оқыту жоспары жөніндегі ісшаралар шетелдік оқу мекемелерін қатыстыра отырып іске асырылуда.
 
Жаңадан қабылданған қызметкерлерді қолдау:бейімделу, тәлімгерлік.
Жаңадан қабылданған қызметкерлердің жаңа орында жылдам беімделгені мен өз потенциалын жылдам ашқанына Компания қызығушылық танытады. Осы үшін қазақ темір жол тарихымен, ұйымдастыру құрылымымен, стратегиялық даму және Компанияның негізгі құжаттарымен танысу, әкімшілік ғимараттар мен Компанияның өндірістік орындарына саяхат өткізу ісшаралары қамтылған беімделу ісшаралары  дайындалған.
 
Компанияда тәлімгерлік жүйе мына мақсатта іске асырылады:
-жаңа қызметкерге кәсібін меңгеруге, тәлімгердің жеке тәжірибесін беру;
- жаңа қызметкерді қысқа мерзімде қажетті кәсіби шеберлікке, нормативтік құжаттар талаптарын орындауға үйрету;
- жаңа қызметкердің еңбек ұжымына енуі,Компанияның корпоративтік мәдениетімен оны таныстыру;
- жаңа қызметкердің тапсырылған учаскеде тиімді жұмысқа жеке жауапкершілігін тәрбиелеу.






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта
Конкурс Детская улыбка