Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз


«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы

Инвестициялық жұмыс

Информация субъекта естественной монополии об исполнении инвестиционной программы  Акционерного общества "Национальная компания "Қазақстан темір жолы" Железнодорожный транспорт (вид деятельности) за 2014 год
 
Информация субъекта естественной монополии об исполнении инвестиционной программы Акционерного общества "Национальная компания "Қазақстан темір жолы" Железнодорожный транспорт (вид деятельности) за 2013 год
 

Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агеттігі  №341-ОД 28.12.12. және ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің№74  29.12.12. бірлескен бұйрықпен бекітілген "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы2012 жылға арналған инвестициялық бағдарламаның орындалуы (19.04.2013 жарияланған).

 

2012 жылға арналған  «ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниялар тобы бойынша капиталды салымдар

2012 жылға арналған «ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниялар тобының Капиталды салымдар жоспары «ҚТЖ» ҰК» АҚ Директорлар кеңесі шешімімен 498 849 млн. теңге көлемінде бекітілген, орындалу 501 259 млн. теңгені құрады немесе жоспарға 100%, яғни 2011 жылғы мерзімдегі фактіге қарағанда 1,3 есе жоғары.

Есеп берілетін мерзім ішінде келесі ірі жобалар іске асырылған:

  •  «Қорғас-Жетіген» мен «Өзен-Түркіменстанмен мемлекеттік шекара» темір жолдарының құрылысы аяқталып, сол бағыттарда жол үсті қозғалысы ашылды, 2012 жылда игерілген инвестиция көлемі («Қорғас-Жетіген» темір жолындағы әлеуметтік бағыттағы объектілер мен кедендік және шекаралық инфрақұрылым объектілерінің құрылысын қоса алғанда) 38 970 млн. теңгені құрады.
  •  Отандық көліктік машина жасауды құру шегінде «Тальго» жолаушылар вагондарын шығару жөніндегі зауыттың құрылысы және «Alstom» компаниясының технологиясы бойынша қазіргі электровоздардың өндірісі зауытының бірінші кезегі аяқталды. «Востокмашзавод» АҚ негізінде ірі вагондық құйылу цехының жаңғырту жөніндегі жобасы іске асырылған, «Evolution» локомотивтерін шығару бойынша зауыт үшін қосымша технологиялық құрал-жабдық сатып алынды, 2012 жылы аталған жобалар бойынша жалпы игерілген инвестициялар көлемі 14 030 млн. теңгені құрады; сонымен бірге ағымдық жылдағы желтоқсан айында Шу локомотивтерін жөндеу зауыты негізінде СSR (ҚХР) компания технологиясы бойынша маневрлік тепловоздарды құрастыру цехы ашылды;

Қомақты қаражаттар жылжымалы құрамды жаңартуға бағытталған, оның ішінде:

  •  жалпы 61 259 млн. теңге сомаға 152 бірлік сатып алынған және 47 бірлік локомотивтеріне күрделі жөндеу жүргізілген;
  •  жалпы 192 975 млн. теңге сомаға 14 217 бірлік сатып алынған және 1 416 бірлік жүк вагондарына күрделі жөндеу жүргізілген;
  •  жалпы 17 493 млн. теңге сомаға 102 бірлік сатып алынған және 66 бірлік жолаушылар вагондарына күрделі жөндеу жүргізілген;
  •  59 млн. теңге сомаға 103 бірлік контейнерлер сатып алынған.
  •  43 228 млн. теңге сомаға 692 шақырым көлемінде жолдың жоғарғы бетіне күрделі жөндеу жасалынған;

Сонымен қатар, 2012 жылы келесі ірі инвестициялық жобалардың іске асырылуы басталды:

  •  маусым айында «Жезқазған-Бейнеу», «Арқалық-Шұбаркөл» жаңа темір жолдардың жалпы ұзындығы 1 202 шақырым құрылысы басталды, 2012 жылы игерілген инвестиция көлемі 18 959 млн. теңгені құрады.
  • Астана қаласында желтоқсан айында General Electric компания технологиясы бойынша GEVO дизелдік генераторлық қондырғыларды шығаруда «ҚТЖ» ҰК» АҚ, General Electric және «Трансмашдизель» ААҚ арасында біріккен кәсіпорын құру туралы құрылтайшылық шартқа қол қойылды;
  •  Ақтобе қаласында желтоқсан айында (2012 жылдың желтоқсан айында құрылыстық-монтажды жұмыстары басталды) рельстен жасалған арқалық өндірісін құру жөніндегі «ҚТЖ» ҰК» АҚ және «Транспортные технологии» ЖШС арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды;

2013 жылдағы «ҚТЖ» ҰК» АҚ Даму келешегі

2013 жылға арналған «ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниялар тобының Капиталды салымдар жоспары 499 354 млн. теңге жалпы сомасын құрады.

2013 жылдағы негізгі инвестициялық бағыттар:

  •  9 013 млн. теңге сомадағы «Қорғас-Жетіген» темір жолының құрылысы;
  •  144 905 млн. теңге сомадағы «Жезқазған-Бейнеу» темір жолының құрылысы;
  •  32 559 млн. теңге сомадағы «Арқалық-Шұбаркөл» темір жолының құрылысы;
  •  17 851 млн. теңге сомадағы «Астана қаласындағы көп атқарымды мұз сарайының құрылысы»;
  •  913 млн. теңге сомадағы «Астана қаласындағы «Тальго» жолаушылар вагондарын шығаратын зауыттың құрылысы»;
  •  2 165 млн. теңге сомадағы «Қазіргі электровоздардың өндірісі зауытының құрылысы»;
  •  1 952 млн. теңге сомадағы «№10 ірі вагондық құйылу цехын жаңғырту»;
  •  9 768 млн. теңге сомадағы «АСУ Энергодиспетчерлік күші»;
  •  39 239 млн. теңге сомадағы «Жүк вагондар паркін жаңарту» (2 654 бірлік);
  •  67 672 млн. теңге сомадағы «Локомотив паркін жаңарту» (98 бірлік);
  •  32 777 млн. теңге сомадағы «Жолаушылар вагондары паркін жаңарту» (218 бірлік, оның ішіндегі 158 бірлік Тальго вагондары);
  •  413 млн. теңге сомадағы «Контейнерлік паркін жаңарту» (250 бірлік);
  •  40 827 млн. теңге сомадағы «Жолдың жоғарғы бетіндегі күрделі жөндеу» (652 бірлік);
  •  9 806 млн. теңге сомадағы 1 416 бірлік көлемінде «Жүк вагондарын күрделі жөндеу»;
  •  3 327 млн. теңге сомадағы «Локомотивтерді күрделі жөндеу» (38 бірлік);
  •  1 960 млн. теңге сомадағы «Жолаушылар вагондары мен электрпойыздарын күрделі жөндеу» (50 бірлік).

     




© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Оценка дизайна web-сайта