Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

Пресс-релизы

АО «НК «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да өрттен интеллектуальдық қорғау жүйесі іске қосылды

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да теміржол көлігіндегі нысандарды Wagner және  Кonsel компанияларының өрттен қорғау жүйелерінің тұсаукесер рәсімі өткізілді.

Аспирациялық түтінді сезгіш жүйесі өрттің ерте алдын алуға қызмет етеді. Ол өз кезегінде өрт жағдайын ерте анықтап, жедел сөндіруге мүмкіндік әпереді. Кәсіпорындардағы электр құралдарын, тарату қондырғыларын, локомотивтердегі дизельдік электрлік тартым сонымен қатар жылжымалы құрам соңғы үлгідегі өрттен қорғау құралдарымен қамтылған.






Қазақстанда «3-2» тәртібімен жасақталған жылжымалы құрам Қытайдан Еуропаға жол тартады

Достық станциясына Чендудан келіп тоқтаған 123 контейнері бар үш жылжымалы құрамнан екеуі жасақталды. Бұл контейнерлік пойыздар Достық (Қазақстан) –Елек (Ресей) – Красное (Белорусь) – Брест (Польша)  бағдарына жөнелтіледі. Ол Польшадан әрі қарай 1435 жол табанына лайықталып, қайтадан үш жылжымалы құрамға  бөлінеді.






«ҚТЖ» ҰК» АҚ «Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен» төртінші халықаралық байқау жеңімпаздарының Бурабай мен Алматыға сапарларын ұйымдастырды

21 тамызда ҚР сыртқы істер министрлігінде «Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен» төртінші халықаралық байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өткізілді.

Бұл байқаудың мақсаты – халықаралық БАҚ арқылы әлем жұртшылығын қазіргі Қазақстанның экономикасы, тұрмыс тіршілігі, мәдениеті, өнері, тарихы туралы обьективті материалдармен  таныстыру болатын.






Алматы өңірінің теміржолшылары ЭКСПО-ны аралады

18 тамызда Алматы өңірінің 500-ден астам теміржолшылары Астанадағы халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесін аралады.

Теміржолшылар көрмеде «Нұр әлем» ұлттық павильонында, халықаралық павильонында, «ҚТЖ» ҰК» АҚ экспозициясында болып, көрменің корпоративтік павильондарын тамашалады.






Қытайлық SANY Group Co.,LTD компаниясы «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА-да жобасын жүзеге асыруға мүдделі

Астанада «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Логистика жөніндегі вице-президенті Санжар Елубаев пен Қытайдың SANY Group Co.,LTD ірі машина жасау компаниясының директорлар кеңесінің мүшесі И Сяоганмен кездесті.   

Тараптар көлік-логистика саласындағы өзара серіктестікті дамыту жайын талқылады.






Алматы-1 –Шу теміржол желісінің Жиренайғыр – Қопа қума жолында екі жол пайдалануға берілді

Алматы-1 –Шу теміржол желісінің Жиренайғыр – Қопа қума жолында 30 шақырымдық жаңа жол іске қосылған соң, бұл телім толығымен екі тармақты болды.

«Нұрлы жол» бағдарламасына кіретін Алматы-1-Шу теміржол желісінің екінші өткізу кешенінің құрылысы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ күшімен атқарылуда.






Ганьсуден келген қытай делегациясы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ында болды

15 тамызда Ганьсудің халық үкіметі вице-губернаторы Хуан Цзян басқарған делегациясы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ –да болды. Қызмет бабындағы кездесуге Компанияның бас инженері Батыр Котырев пен Ганьсудің халық үкіметі вице-губернаторы Хуан Цзян көлік-логистикалық саласындағы серіктестікті дамыту мәселесін қарады. Онда Қазақстан аумағы арқылы Қытай-Еуропа – Қытай бағдарымен контейнерлік тасымалдаудың оң өзгерістері аталып өтілді.






«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «KTZ Express» АҚ және Nippon Express Co., Ltd арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды

15 тамызда Астанада «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Даму жөніндегі вице-президенті Арман Сұлтанов Nippon Express Co.,Ltd.  халықаралық көлік-логистикалық компаниясының басқарма бастығы Сугиямо Тацуомен келіссөз жүргізді. Тараптар Қазақстан аумағы арқылы еуразиялық құрлық елдері арасында контейнерлік тасымалдауды ұйымдастыру мәселесін талқылады.






Жамбыл жол бөлімшесінің үздік теміржолшылары Түркияға жолдамамен марапатталды

Шеберлік кәсіпқойлық байқауының жеңімпаздары - ОП-115 станция кезекшісі Константин Лыгарев пен Талас станциясының пойыздарды құрастырушы Алмаз Анарбаевқа Түркияға жолдамалар берілді. Байқаудың лауреатына Шу станциясының пойыздарды құрастырушы Серік Жамбаршиевке ұялы телефон сыйға тартылды.






Медициналық пойыз өңірлердің 35 мыңнан астам тұрғынына дәрігерлік қызмет көрсетті

«Саламатты Қазақстан» және «Денсаулық» диагностикалық пойыздары төрт ай ішінде 120 теміржол станцияларға  қызмет көрсетті.

Жалпы  медицина қызметкерлерінде қаралған адам санының ішінде 6000 мың бала. Олар Қарағанды, Маңғыстау, Атырау, Қызылорда, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының тұрғындары.






Syndicate content

«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта