Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз


«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы

ҒАТО

Біздің интернет бетке қош келдіңіздер!

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Ғылыми-техникалық ақпарат және талдау орталығы. Сіздерді біздің тұрақты тұтынушыларымыз болады деп сенеді.

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Ғылыми-техникалық ақпарат және талдау орталығы Сіздерді темір жол көлігі саласындағы ғылыми-техникалық ақпараттар бойынша, техникалық және экономикалық зерттемелері басым озық жетістіктермен, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамындағы және оның еншілес ұйымдарындағы рационализаторлық қызмет туралы ақпараттар мен, сонымен қатар темір жол тематикасы бойынша ең қызықты мерзімдік басылымдармен және ғылыми-техникалық әдебиеттермен таныстыратын болады.

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Ғылыми- техникалық ақпарат және талдау орталығы (бұдан әрі - Орталық) «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамында (бұдан әрі - Компания) және оның еншілес ұйымдарында (бұдан әрі - ЕҰ) темір жол көлігі саласындағы озық жетістіктерді зерделеу, талдау және насихаттау, ғылыми-техникалық ақпаратпен, ғылыми-техникалық және нормотивтік әдебиетпен қамтамасыз ету, рационализаторлық қызметті және ақпараттық қызмет көрсетуді ұйымдастыру мақсатында құрылған орталық.

Орталықтың ұйымдастырушылық құрылымы ақпараттық-талдау, ақпараттық қорды қалыптастыру, ғылыми-техникалық әдебиет және рационализация, баспа бөлімдерінен тұрады.

Орталықтың міндеттері:

  • темір жол көлігі жұмысының отандық және шетелдік озық тәжірибесін, ғылыми зерттеулердің нәтижелерін және әзірлемелерді жинақтап қорыту, темір жол көлігі және экономиканың басқа секторлары саласындағы әлемдік ғылыми-техникалық прогрестің озық жетістіктерін мониторингтеу, талдау негізінде ақпараттық өнімдерді жасау мен тарату және оларды әрі қарай насихаттау;
  • Компанияның басшылары мен мамандарын темір жол саласын дамытудың басым бағыттары бойынша ғылыми-техникалық ақпаратпен және ғылыми-техникалық әдебиетпен қамтамасыз ету;
  • Комапнияның құрылымдық бөлімшелері мен ЕҰ-да техникалық шығармашылықты, рационализаторлық қызметті дамыту;
  • ақпараттық қызмет көрсетуді ұйымдастыру және жетілдіру негізінде Компания қызметкерлерінің кәсібі, техникалық білімінің деңгейін жоғарылату;
  • баспа қызметін жүзеге асыру болып табылады;
  • Евроодақтың TEMPUS IV білімдік бағдарламасы аясында Компания мамандарын дайындау кезеңдерінде мұғалім ретенде қатысып, М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясынымен бірлесіп оқуға бірінші студенттік топқа кандидаттарды іріктейді.

Басшылары:

Орталық директоры – Сүйіндіков Қанат Ануарбекұлы

Орталық директорының орынбасары – Смольянова Наталья Юрьевна

Орталық бөлімдері:

— ақпараттық-талдау бөлімі, тел. 8 (7172) 606-544;

— ақпараттық қорды қалыптастыру бөлімі, тел. 8 (7172) 606-547;

— ғылыми-техникалық әдебиет және рационализация бөлімі, тел. 8 (7172) 606-651;

— баспа бөлімі, тел. 8 (7172) 606-655.

Байланысу ақпараты:

«ҚТЖ»ҰК» АҚ ҒАТО

Астана қаласы, Д.Қонаев көшесі, 6. 





Оценка дизайна web-сайта