Транзиттік тасымалдар дамуы
Қазақстанның қолайлы географиялық орналауын есепек ала отырып, транзиттік элеуетін дамыту «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының алдына қойған, басымдылық талаптарының бірі болып табылады.
Транзиттік элеуетін тиімді пайдалану мақсатында, оны дамыту жөніндегі бірінші кезекті шаралар болып табылатын – бұл:
- Достық станциясының өткізу және қайта өндіру мүмкіндіктерін 2015 жылға қарай 25 млн. тоннға дейін көбейту мақсатында Достық шекара станциясын дамыту және Ақтоғай – Достық темір жол желісін нығайту;
- Алтынкөл – Жетіген жаңа желісін (298,4 километр темір жол) және Алтынкөл –Хоргос екінші халықаралық темір жол өтпелін салу. Өзен – Түркістан мемлекеттік шекералық жаңа желісін (145,7 километр темір жол) салу;
- Қазақстанда ұлттық көліктік-логистикалық жүйесін жүзеге асыру мақстанында «ҚТЖ»ҰК»АҚ құрамында – «Көліктік логистикасын дамыту орталығы» АҚ құру;
- Бірыңғай интеграцияланған көліктік-логистикалық сервис құру үшін Шығыс – Батыс және кері бағыттағы жүкағымын тиімді меңгеру мақсатында «Хоргос» халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығын «ҚТЖ»ҰК»АҚ басқаруына беру;
- Біріктескен кәсіпорын «Кедентранссервис»АҚ базасында Еуропаның ірі операторы «Трансконтейнер» ААҚ-мен стратегиялық серіктестіктегі контейнерлік (мультимодельдік) тасымалдау нарығындағы ықпал аясын кеңейту;
- Қазақстан Республикасының аумағында жүктерді транзитпен тасымалдауға арналған, баламалық бағдарлармен және көлік түрлерімен күрделі бәсеке жағдайларында бәсекеліқабілетті жағдайлар қалыптастыруға бағытталған икемді тарифтік саясат жүргізу;
- Контейнерлік поездарды жүйелі негізде трансконтинентальды бағдарлар бойынша «Тура мерзімінде» принципі бойынша бекітілген нақты графигімен жүру бойынша ұйымдастыру.
Толық ақпараттар алу үшін:
Тасымалдау маркетингі департаментінің директоры Р.А. Құдайбергеновқа жолығуыңызға болады, тел. 8 (7172) 60 38 78, Kudaibergenov_r@railways.kz.
Тасымалдау маркетингі департаментінің бас менеджері И.Г. Салимжуароваға жолығуыңызға болады, тел. 8 (7172) 60 38 62, Salimzhuarova_i@railways.kz.

















