Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

Компания туралы

 

«Қазақстан темiр жолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Алматы темір жолы басқармасы, Тың темір жолы басқармасы және Батыс Қазақстан темір жолы басқармасы республикалық мемлекеттік кәсіпорындарын қосу арқылы «Қазақстан Республикасының теміржол кәсіпорындарын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 31 қаңтардағы № 129 қаулысымен құрылды. Қосу мақсаты тасымалдау процесін басқару құрылымын оңтайландыру және басы артық буындарды жою, теміржол саласының қаржы-экономикалық жағдайын сауықтыру болды.

 «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» жабық акционерлік қоғамын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 15 наурыздағы № 310 қаулысымен «Қазақстан темiр жолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны мен оның еншілес мемлекеттік кәсіпорындарын қосу арқылы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» жабық акционерлік қоғамы құрылды.

 «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы Заңына сәйкес 2004 жылғы 2 сәуірде «ҚТЖ» ҰК» ЖАҚ «ҚТЖ» ҰК» АҚ болып қайта тіркелді.

 Қазіргі таңда «ҚТЖ» ҰК» АҚ-тың тасымалдау процесінде теміржол саласының функционалдық тұтастығы мен басқарушылығын қамтамасыз етуге негізделген холдингтік құрылымы бар. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ «ҚТЖ» ҰК» АҚ Жалғыз акционері болып табылады.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ магистральдық теміржол желісі операторы функцияларын орындайды. Теміржол көлігімен жолаушы және жүк тасымалдау қызметтерін «ҚТЖ» ҰК» АҚ-тың еншілес ұйымлары жүзеге асырады. Магистральдық теміржол желісі табиғи монополия саласына жататындықтан магистральдық теміржол желісі операторының қызметтері «Теміржол көлігі туралы» және «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының заңдарымен регламенттеледі және реттеледі.

Тасымалдау қызметі «Теміржол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және монополияға қарсы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады, өйткені теміржол көлігімен жүк тасымалдау қызметтері мемлекеттік бағаны реттеу қолданылатын қоғамдық мәні бар нарықтарға жатады.

Теміржол саласын рефомалау жөніндегі мемлекеттік бағдарламалық құжаттарға, корпоративтік стратегияға және ұлттық заңнамаға сәйкес транзиттік және мультимодальдық тасымалдау сияқты нарықтың жаңа да, дәстүрлі де сегменттеріне жүктерді тарту мақсатында «Локомотив» АҚ және Тасымалдау процесі дирекциясы негізінде Ұлттық жүк тасымалдаушы – «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ құрылды, ол өз қызметін жүзеге асыруға 2016 жылғы 1 шілдеден бастап кірісті.

Қазақстанның транзиттік әлеуетін дамыту жөніндегі мемлекеттік міндеттерді шешуде теміржол көлігіне жетекші рөл берілгенін ескере отырып, «ҚТЖ» ҰК» АҚ бизнес-стратегиясы транзиттік және мультимодальдық көлік-логистика қызметтері сегментінде:

  • жаңа құзыреттерді дамыту және көрсетілетін қызметтерді біртұтас логистикалық сервиске біріктіру;
  • нарықтың жаңа сегменттеріне шығу және жаңа көлік өнімдерін ұсыну;
  • көлік инфрақұрылымын жетілдіру;
  • көлік-логистика орталықтарының ішкі және сыртқы желісін құру;
  • құрғақ жүк кемелері флотын дамыту;
  • әріптестік пен альянстарды дамыту;
  • халықаралық көлік дәліздерін институционалдық дамыту есебінен өсуді көздейді.

Тасымалдауды жүзеге асырып, логистикалық сервисті құрып, ұлттық инфрақұрылымды және экономиканың жаңа салаларын дамытып, «ҚТЖ» ҰК» АҚ ұлттық көлік-логистика жүйесін дамытуға ғана емес, Еуразиялық құрлықта халықаралық көлік дәліздері мен көлік-логистика қызметтерін дамытуға сүбелі үлесін қосып отыр.

Қазақстанның теміржол саласы экономиканың дамушы секторы. Соңғы кездері өндірістік және техникалық әлеуеті өсіп келеді. 136 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған.






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта