Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

КОМПАНИЯ ЖАСТАРЫ

Бүгін «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акциоерлік қоғамында 37 мыңнан астам 30 жасқа дейінгі жастар қызмет етеді.

Компаниядағы жастармен жұмыстың негізі болып кәсіби дағдыларын жақсартуға, корпоративтік рухты көтеруге, жастарды корпоративті мәселелерді шешуге тарту жүйесін дамытуға, олардың Компанияда тиімді бейімделіп, орнығуына, халықаралық жастар ынтымақтастығын дамытуға, жастарға рухани, патриоттық тәрбиелеуді, сонымен қатар салауатты өмір салты және спорт құндылықтарын насихаттауға бағытталған 2012-2015 жылдарға қабылданған Жастар саясаты бағдарламасы болып табылады.

Бағдарламаның мақсаты - Компанияның корпоративті құндылықтарын бөлісетін, корпоративті мәселелерді шешуге тартылған, қажетті кәсіби дағдылары бар жас қызметкерлермен қамту арқылы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы акционерлік қоғамының стратегиялық дамуына әсер ету.

Компанияның жастар саясатына қатысушылардың қызметін үйлестіру және көкейкесті мәселелерді шешу үшін 2008 жылы консультативті орган – Президент жанындағы жастар ісі жөніндегі Кеңес құрылды. Кеңестің негізгі міндеттері болып, жас қызметкерлерге қатысты кешенді саясатты жүзеге асыру, жастар саясатының тиімділігіне талдау жасау, оны жетілдіруге ұсыныстар енгізу, сонымен қатар жастарға байланысты басқа да сұрақтарды талқылау жатады. Қазіргі уақытта еліміздің барлық аймақтарында, сонымен қатар компанияның еншілес ұйымдарында Кеңестің аймақтық өкілдері белсене жұмыс жасайды.

«Нұр Отан» партиясы жанында құрылған «Жас Отан» жастар қанаты құрылды. Аталған ұйым жастар саясаты бойынша консультативті-жиналыс орган болып табылады.

Жастар саясатының аясында іске асатын негізгі бағдарламалар – «Менеджмент жобасы», «Болашақ басқарушылар», «Сен болмасаң, кім?» корпоративті лагері, студенттік құрылыс отрядтары, КТК қозғалысы. Осы бағдарламалар 5 жыл аралығында іске асырылып, жетілдірілді. Әрбір жоба жаңа сапаға ие болып, жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады.

«Сен болмасаң, кім?» - бұл саясатпен, экомикамен, қоғамдық өмір және азаматтық бастамашылықпен қызығатын жастардың бірігуінің үлкенмасштабты аймағы.

Бағдарлама мақсаты – корпоративті рухты күшейту, жас қызметкерлердің бірігуіне қозғамдама құру, дағдыларды дамыту, бастамашылықты қолдау, «Мен Компанияға керекпін» ұстанымын бекіту.

«Менеджмент жобасы» жастардың бойындағы инновациялық идеялар, жетекшілік және кәсіби шеберліктерін шыңдауға арналған. Бұл жоба жастардың өзіндік жобасын білікті түрде жоспарлауына, басқаруына, дайындауына және «ҚТЖ» ҰК» АҚ жастар форумдарында ұсынуға тың мүмкіндіктер ашады.

«Менеджмент жобасы» бағдарламасында Интранетте жаңа бірегей ақпараттық платформа «4i жүйесі» (Инновациялық жобалардың ақпараттық инкубаторы) пайда болды. Бұрын қолдан жасалынған конкурс өтінімдері, эксперттердің баға беруіне жобаларды жинау және т.б. қазіргі кезде автоматтандырылған. «ҚТЖ» ҰК» АҚ Қазақстанда бірінші болып аталған жүйені енгізді, қазіргі таңда «Самрұқ - Қазына» ҰҚ «Инновациялық Қазақстан» байқауын аталған ақпараттық платформада өткізеді.

Байқауға қатысатын жарлық жобалар осында алдын-ала бағалаудан өтеді.

«Болашақ басқарушылар» - жастар ортасында жаңа типті қызметкерлер: көшбасшыларды, ойлағыш, белсенді, дамуға және кәсіби мансапты тұрғызуға ұмтылғыш прогрессивті жаңа ділді адамдарды қалыптастыру үшін қажетті жағдайлар құруға бағытталған жоба.

Осы бағдарламаларды іске асыру механизмі - аймақтық және Республикалық жастар форумдарын өткізу, ұсынуға және аймақтарда енгізуге үздік жобаларды айқындау болып табылады. Үздік жобаларды жасаушы қатысушылар Астана қаласындағы Республикалық жастар форумына шақырылады.

2011-2012 жылдар қорытындысы бойынша аталған бағдарламалармен тәжірибелі жаттықтырушыдан шамамен 7500 жас мамандар оқытылды.

Студенттік құрылыс отрядтары. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы мен «Ресей темір жолы» ашық акционерлік қоғамының арасындағы әріптестік қарым-қатынастың аясында Адлердегі «Альпика – Сервис» курортының қосарланған теміржол-автожол құрылысын жүргізуге 2010 жылдан бастап студенттік құрылыс отряды құрылып, жыл сайын жіберіледі.

«СВ» КТК құрама командасы. Компанияда қоғамдық негізде құрылымдық бөлімшелер мен еншілес кәсіпорындарының қызметкерлерінен «СВ» көңілділер мен тапқырлар құрама командасы жасақталған. Қазіргі уақытта команда Қазақстанда ғана емес, халықаралық лигада да көріне бастады. 2009 жылы КВН Астана-2009 байқауының аймақаралық вице-чемпионы, «КИВИН -2010» халықаралық фестивалінің рейтингілік жүлдегері және КВН «АМИК» 2010 халықаралық одағының және Клубтың басқа номинациялары бойынша жүлдегер атанды.

2011 жылдың маусымын «СВ» КТК құрама командасы «Қазақстанның КТК ашық лигасы» жастар қоғамдық бірлестігінің КТК фестивалінде сәтті ойнап бастады. Сонымен қатар «Қазақстанның КТК ашық лигасы» жастар қоғамдық бірлестігі Ыстықкөлде (Чон-Сары-Ой, Қырғызстан) Орталық Азия КТК фестивалін ұйымдастырды. Аталған фестивальге еліміздің, Қырғызстанның, Өзбекстанның үздік КТК топтары және біздің «СВ» құрама командамыз белсене қатысты.Ақмола облысы әкімінің кубогы үшін жарыста қазақстандық КВН командалары арасында тәжірибе алмасып, жеңімпаз атанды. РЖД Лигасында Конкурстық ойындарында финалист атанды. Орталық Қазақстан фестивалінің гран-при жүлдесін жеңіп алды (Қарағанды қаласында). Маңғыстау облысы әкімінің Жазғы Кубогі фестивалінде ІІ орынға иеленді. «Хабар» агенттігінің кубогі үшін ойынында ІІІ орынды иеленді. «Астана» аймақаралық Лигасының 2012 жылғы чемпионы атанды.

Басшылардың жан-жақты қолдауы арқасында әрбір жас жоба жетіліп келеді. Теміржол саласында жаңа таланттарды тауып, олардың шығармашылық және кәсіби мүмкіндіктерін жетілдіруде.

2010 жылы өз жұмысын бастаған, «Болашақ басқарушылар» бағдарламасының жас көшбасшыларына арналған тренингтік және оқыту бағдарламалары қатысушыларының ішкі өсіміне сай күннен-күнге күрделеніп жатады: «Көшбасшылық және жобаларды басқару», «Уақыт және команда: ұлы компанияның маңызды қорлары», «Нәтижелі қарым-қатынас» және т.б. Мұндай мықты дайындық өз нәтижесін береді. Бүгінгі күннің өзінде аймақтық және Республикалық форумдарда қатысқан балалар қызмет сатымен көтеріліп, өздігінен жеке жобаларын іске асыруды үлгереді.

Жылдың аяғында компанияның жас қызметкерлері арасында «Zhastemir.kz» интерактивті желісі құрылады. Жаңа желі жастарға жаңа білімге ие болып, жаңа жобалар бойынша бірге жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар ол еліміздің түрлі аймақтарында тұратын Компанияның жас қызметкерлері арасында жеке қызығушылықтар бойынша және қызметтік тәжірибемен алмасу бойынша бір-бірімен тиімді қатынасты қамтамасыз етеді. Қатынас үшін желіде жеткілікті интерактивті құрал-жабдықтар қарастырылған. Қатысушылар қанша шақырымға қарамастан, барлық қосылған арналарды қолданып, үздіксіз түрде алаңдайтын мәселелерін талқылай алады.

Интерактивті сайт – Компанияда жүргізілетін жастар саясаты, демеушілік және өткізілген спорттық іс-шараларды жариялап отырады.

Интерактивті сайтта жаңа жастар жобалары пайда болады. Атап айтсақ, Алтын 7, Галстукофф, «Жас кәсіби маман» байқаулары аталған жылдан бастап автоматтандырылды.

Компания жастарына көрсетілетін әлеуметтік жеңілдіктер мен кепілдіктер.

Компания қызметкерлер мен жастардың әлеуметтік қамсыздандыруға үлкен көңіл бөледі, оның ішінде: Компанияның жас мамандарын әлеуметтік қамтамасыз ету (Компанияның қызметкерлеріне тұрғын үйді жеңілдікпен беру, тұрғын үйді жалға беру, кейін сатып алу мүмкіндігімен қызметтік тұрғын-үй беру); Компания Президентінің білім гранттарын және атаулы стипендиясын беру; жастарға кәсіби білім беру, 3, 4, 5 кластағы станциялар мен басып-озу тармақтарына жаңадан келген жас маман-теміржолшыларға материалдық көмек көрсету; бiрiншi жыл iшiнде 3, 4, 5 кластағы станциялар мен басып-озу тармақтарына бағытталған жас мамандардың жалақы мөлшерлемесіне (еңбекақыларға) 20-пайыздық үстеме; 3, 4, 5 кластағы станциялар мен басып-озу тармақтарына жұмысқа келген жас маман-теміржолшыларға алғашқы екі жыл жұмыс ішінде тұрғын үйді жалға алу құнын өтеу, баланың тууына, асырап алуға байланысты- екі еселенген ең төмен еңбекақы мөлшерінде, ал қызметкерде екі немесе одан көп бала туса – әр бала үшін үш еселенген ең төмен еңбекақы мөлшерінде, қызметкердің, ата-анасының, жұбайының, балаларының қайтыс болуына байланысты Компанияның қызметкеріне – 55 айлық есептік көрсеткіштен кем емес мөлшерінде материалдық көмек көрсету.

Жастар саясаты жұмысының қорытындысы болып, дарынды инженер-инноваторлардың атын танытып, «ҚТЖ» ҰК» АҚ кадрлік резервін дарынды жастармен толтырып, іс-шараның бағдарламалық жобаларының жеңімпаздарына жоғары лауазымға көтеріліп, біліктілігін көтеруге мүмкіндік берген жыл сайынғы Республикалық жастар форумы өтеді.

Форум аясында Компанияның Вице-президенттері мен Басқарушы директорларының қатысуымен дөңгелек үстелдер өтті. Мұнда жастар Компанияның инновациялық-технологиялық стратегиясы, жаңа жобаларды іске асыру, инвестициялық іс-әрекеттің және көліктік логистиканың дамуы жайлы толықтай білу мүмкіндігіне ие болады.

Сонымен қатар форум аясында «Жас кәсіби маман» жыл сайынғы жастар премиясының марапаттау рәсімі өтті. Оның мақсаты – компанияның жан-жақты дамуына үлес қосатын тұлғалар мен ең белсенді жастарды ынталандыру, өз ісінің үздік жас мамандарын айқындау.

Компания жас қызметкерлерді инновациялық шығармашылық процесіне тарту үшін көп үлес қосты. Бірақ әлі де көп атқаратын жұмыс бар. Ең басты мақсат – XXI ғасырдың компанияны дамытуға және бірге өсуге қабілетті, жауапты кәсіби мамандарды, жаңа теміржолшылар буынын қалыптастыру.

 






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта