Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

Корпоративтік басқару

2016 жылдың 10 наурызында «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма кеңесімен    2014 жылғы 18 қыркүйектегі несие шартқа (берілген номері 46852) несиенің 14 000 000 (он төрт миллион) АҚШ доллары көлемінде үшінші транш соммасын бөлу Еуропалық қайта құру және даму банкісімен  (бұдан әрі - «ЕБРР») несие беруші ретінде және «ҚТЖ» ҰК» АҚ, «КТZ Express» АҚ, «Локомотив»АҚ, «KTZ Express Shipping» ЖШС ынтымақты қарыз алушылар ретінде қосымша келісімшарт жасасу арқылы «ҚТЖ» ҰК» АҚ мүдделілігі бар мәміле жасау туралы шешімі қабылданды.

Осы мәселе бойынша қосымша ақпарат алу үшін осы телефонға қоңырау шалыңыз 60 37 42.

Қоғам өзіне төмендегі тәртіптер бойынша корпоративтік басқаруды дамытуды міндеттенеді:

  • Бір ғана акционер ретінде нақты құқықтық мүмкіндігін пайдаланып іске асырады;
  • Директорлар кеңесі Қоғамды басқарудың стратегиялық жолын ұстанады және Қоғамның атқарушы орган ретіндегі тиімді бақылауын қамтамасыз етеді, сондай ақ Директорлар кеңесінің Бір ғана акционерге есептілігін сақтайды;
  • Қоғам атқарушы орган ретінде қоғамның ағымдағы жұмыстарын басқарып оның Директорлар кеңесі мен Бір ғана акционер алдындағы есептілігін қамтамасыз етеді;
  • Қоғамның қаржылық жұмыстарын, экономикалық көрсеткіштерін, құрылымдық және басқару мәселесі жөніндегі ақпараттарды дер кезінде жариялау
  • Қоғамның қаржылық шаруашылығына тиімді бақылау жасау;
  • Қоғамның еңбеккерлеріне құқықтық правосы шегінде әріптестік қарым қатынасты дамыту, еңбек жағдайын реттеу, әлеуметтік мәселелерін шешу;
  • Қоғамның инвесторлармен, несие берушілермен басқа да акционерлік қоғамның активінің ұлғаюына мүдделі белсенді әріптестігін жүргізу.
  • Компанияны басқару жүйесін жетілдіру 2007 жылғы қыркүйектің 7-сіндегі Бір ғана акционері- «Самұрық холдингі» АҚ-ының №117 «ҚТЖ» ҰК» АҚ корпоративтік басқару кодексімен бекітілген.
  • (ҚР Президентінің 2008 жылғы қазанның 13-індегі №669 Жарлығымен «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылық органы Бір ғана акционері – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ болып табылады)

Кодекс мақсаты Қоғамды корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру және ашықтығын қамтамасыз ету болып табылады.

Кодексте корпоративтік жүріп тұрудің үздік тәжірибелері мен негізгі тәртіптері қарастырылған.

Кодекстің негізгі тәртіптері:

  • Акционердің құқығы мен мүддесін қорғау ( акционердің құқығы бұзылған жағдайда правосын қорғауға мүмкіндігі болуы);
  • Қоғамды Директорлар кеңесі мен Басқарманың тиімді басқару тәртібі (Қоғамды стратегиялық басқару және акционер алдындағы есептілігі);
  • Қоғамның өзіндік жұмыс тәртібі (Қоғамның корпоративтік басқару құрылымы акционерлік қоғамның мүддесін барынша тиімді қамту);
  • Қоғамның жұмысы туралы ақпараттың жариялығы мен обьективтілігін қамтамасыз ету тәртібі (Компанияның қаржылық жағдайы, жұмыс нәтижесі, меншігі мен компанияны басқару тәртібі туралы ақпараттардың дер кезінде берілуі);
  • Құқықтық және этикалық право тәртібі (Қоғамның ішкі құжаттары құқықтық және корпоративтік, іскерлік этика талаптарына сай болуы тиіс );
  • Тиімді дивиденттік саясат тәртібі ( дивиденд көлемін және төлеу тәртібі механизмін анықтау);
  • Тиімді кадр саясаты тәртібі ( қоғаммен еңбеккерлері арасындағы әлеуметтік - әріптестік қатынасын дамыту);
  • Қоршаған ортаны қорғау тәртібі (табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға бағытталған жұмыстар);
  • Корпоративтік дауларды реттеу( корпоративтік басқару жүйесі еңбеккерлер мен лауазым иелері міндеттерінің айқын болуы);
  • жауапкершілік тәртібі (барлық мүдделі тұлғалардың құқығын қамтамасыз ету).

Корпоративтік басқару тәртібі – Қоғамның корпоративтік басқарудың жетілдіру жүйесіндегі Кодекстінің келесі басты мазмұнына берілген кепілдіктер негізі болып табылады.






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта