Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз


«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы

«Достық» станциясы

Халықаралық шекаралық Достық –Алашаңқай бекеті 1991 жылы пайдалануға берілді. Ол Қазақстан Республикасын Еуропа –Азия темір жол көлігі жүктерін тасымалдау бағдарымен Азия Тынық мұхит аймағы, Таяу Шығыс, Шығыс және Батыс Еуропамен қосатын бағдар болып табылады.

Достық станциясы Алматы облысының Алакөл ауданында орналасқан. Ауа райы күрт континенталды.

Андреев және Ілдерсай бентонит топырақты кендеріне бай. Ауданда суармалы және табиғи жер өңдеу шаруашылығы арқылы астық және бақшалық дағылдар егіледі. Негізінен еттік және сүттік бағыттағы мал шаруашылығымен айналысады.

Аудан мінездемесі:

  • Аумағы - 23,7 тыс. шаршы. км
  • Халқы - 79,9 мың адам. (оның ішінде қалалықтар - 18,3 мың адам., селолықтар - 61,6 мың адам.)
  • Халық тығыздығы - 3,4 шаршы км\ адам
  • Елді мекен саны - 61
  • Селолық және қалалық округтер - 24
  • Аудан орталықтары - Үшарал қ. (15,4 мың адам.)
  • Достық селосы - 3 мың адамнан астам. ( оның ішінде 1/3 - теміржолшылар)

Достық станциясы шекаралық жүк тиеп түсіретін станция. Мемлекеттік шекара арқылы өтетін пойыздарды қабылдап алу, жөнелту, темір жол табанының әркелкілігіне байланысты вагондардан жүкті келесі вагонға тиеу, жүк және жолаушылар вагондарының тіркемелерін ауыстырып орналастыру, жылжымалы құрамды жасақтау және тарату жұмыстарымен айналысады.

Станцияның жолы үш қабылдау –жөнелту парктерінен, жылжымалы құрамды және вагондарды бір кедендік тексеру паркі бар.

Станцияда вагондарға техникалық қызмет көрсету бекеті, вагондарды кең табанды жолдан тар табанды жолға ауыстырып орналастыру (ППВ) және жеті ауыстырып тиеу орындары бар.

Жақын орналасқан Ақтоғай-Достық телімінің өткізу мүмкіндігі жылма жыл артып келеді. 2008 жылы 18 млн тонна болды. Достық-Алашаңқай шекаралық бекеті арқылы өткізу мүмкіндігін 2014 жылға қарай жылына 23 млн. тоннаға дейін өсіру көзделіп отыр.

 





© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Оценка дизайна web-сайта