Зейнеткерлерге қамқорлық

Темір жол саласында түрлі станциялар, жол айырықтары, көптеген өндірістік кәсіпорындардың болуы қашанда саладан әлеуметтік жауапкершілікті талап етеді. Бүгінгі таңда ұлттық компанияда 40 мың зейнеткер тіркелген. Компанияға қарасты еншілес кәсіпорындарды қоса есептегенде 50 мыңға жуықтайды.

Қазір аймақтағы жол бөлімшелерінде Ардагерлер кеңесі құрылған. Олар жалғызілікті зейнеткерлердің үйлеріне барып көмек көрсетеді. Түрлі мерекелік шараларға тұрақты шақырып, «Магистралдың еңбек даңқы» кітабына өмірбаяндық естеліктерін шығарып отырады.

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы жылма - жыл Қазақстанның түкпір түкпірінде тұратын 8400 еңбеккерлер мен зейнеткерлердің емдеу сауықтыру шипажайларына барып емделуін қамтамасыз етеді.

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы мен еңбек ұжымы арасындағы 2009-2011 жылдарға арналған Ұжымдық шартқа орай, жұмыс істемейтін зейнеткерлерге әлеуметтік жәрдем көрсетіледі.

2009 жылы компанияның осы мақсатқа материалдық көмек ретінде жұмсаған қаржысы 515 миллион теңге болса, 2010 жылы 15 пайызға көтеріліп, 593 миллион теңгеге жеткізілді.

Компаниядағы жұмыс істемейтін зейнеткерлерге көрсетілетін көмектердің негізі жылма-жыл тегін жол жүру, емдеу-сауықтыру шипажайына тегін жолдама алу, бір реттік жәрдемақы, мерейтойлық көмек көрсетіледі.

2009 жылы 9 мыңға жуық еңбеккерлер мен зейнеткерлер емдеу- сауықтыру шипажайларында болса, оның 35-40 пайызын зейнеткерлер құрайды.

Қазақстан темір жолы тәжірибелі ақсақалдар мен ардагерлердің басын қосатын Ақылдастар алқасы бар бірден бір алып кәсіпорын.

1941-1945 жылдағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына орай «ҚТЖ» ҰК» АҚ соғыс ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне қаржылық көмек көрсетті. Оған қоса 2010 жылы «ҚТЖ» ҰК» АҚ Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен мүгедектеріне Қазақстан Республикасы аумағында мамырдан желтоқсан айына дейін тегін пойызда жүруіне мүмкіншілік әперілді.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ ардагерлерді «Наурыз» тойына «Қарттар күні» басқа да мерекелік шараларға тұрақты шақырады. Көлік және байланыс қызметкерлері күні мерекесіне орай зейнеткерлерге 113,3 млн. теңге көлемінде адрестік көмек жасалды.

Әлеуметтік мәселелерді шешуде компания теміржолшылардың кәсіподақ ұйымымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасайды.

Алдағы уақытта да компания кәсіподақпен бірлесе отырып саладағы әлеуметтік жұмыстардың аясын кеңейте түсуге мүдделі.