Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

Директорлар кеңесі

Директорлар кеңесі Компанияның стратегиялық мақсаттарын, дамуының басым бағыттарын анықтайды және қызметінің ұзақ мерзімді перспективаға арналған негізгі бағдарларын белгілейді, қойылған мақсаттарды жүзеге асыру үшін қажетті қаржылық және адами ресурстардың болуын қамтамасыз етеді. Директорлар кеңесі «ҚТЖ» ҰК» АҚ атқарушы органының қызметіне бақылау жасауды жүзеге асырады.

Директорлар кеңесінің құрылымы Жалғыз акционердің мүдделерінің әділ және объективті ұсынылуын қамтамасыз етеді.

Директорлар кеңесінің сандық құрамын Жалғыз акционер анықтайды.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Директорлар кеңесі 8 мүшеден тұрады, олардың 4-уі тәуелсіз болып табылады.

Директорлар кеңесі Компанияның тиімді басқарылуы және оның қызметіне тиісінше бақылау жасалуы үшін Жалғыз акционердің алдында жауапты болады.

Қазіргі уақытта «ҚТЖ» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің жанында Директорлар кеңесі жұмысының тиімділігін арттыру және корпоративтік басқару құрылымын жетілдіру мақсатында құрылған және Директорлар кеңесінің консультативтік-кеңес органы болып табылатын жанында төрт комитет жұмыс істейді (Директорлар кеңесінің 2016 жылғы 8 тамыздағы шешімі, №8 хаттама):

 

  • Аудит жөніндегі комитет
  • Стратегиялық жоспарлау және инновациялар жөніндегі комитет
  • Кадрлар және сыйақы мәселелері жөніндегі комитет
  • Қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі комитет

 

Директорлар кеңесі Компанияның стратегиялық даму бағыттарын анықтайды, өндірістік-қаржылық сипаттағы мәселелер бойынша шешімдерді қарайды және қабылдайды.

2016 жылы «ҚТЖ» ҰК» АҚ-тың Директорлар кеңесімен 12 отырыс өткізілді, оның 10-ы күндізгі және 2-уі сырттай отырыстар.

Сондай-ақ, 2016 жылы «ҚТЖ» ҰК» АҚ-тың Директорлар кеңесі комитеттерінің 28 отырысы өткізілді.

2016 жылы «ҚТЖ» ҰК» АҚ-тың Директорлар кеңесімен 156 мәселе қаралды, олардың ішінде келесі мәселелерге қатыстылар:

  •   Жалғыз акционерге – 5;
  •   «ҚТЖ» ҰК» АҚ-тың Директорлар кеңесіне - 37;
  •   «ҚТЖ» ҰК» АҚ-тың Басқармасына - 14;
  •   «ҚТЖ» ҰК» АҚ-тың трансформациясына - 12;
  •   өндірістік-экономикалық сипаттағы - 46;
  •   «ҚТЖ» ҰК» АҚ қызметі туралы есептерге - 19;
  •    кадрларға – 21.

Қабылданған шешімдердің орындалуына тұрақты негізде мониторинг жүргізіледі, кейіннен Директорлар кеңесіне жүйелі түрде хабарланады

Корпоративтік хатшының өзінің функцияларын орындауын қамтамасыз ету үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ-та Корпоративтік хатшының аппараты (бұдан әрі – Аппарат) құрылған. Аппарат Компанияның құрылымдық бөлімшесі болып табылады, оның құрамында жеті қызметкер бар. Аппараттың қызметкерлері өздеріне жүктелген міндеттерді орындауы үшін тиісті біліктілікке және дағдыларға ие.

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқармасының күндізгі отырысының 2016 жылғы 5 шілдедегі хаттамасынан үзінді көшірме.

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқармасының күндізгі отырысының 2016 жылғы 10 қазандағы хаттамасынан үзінді көшірме.

 

2016 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша «ҚТЖ» ҰК» АҚ-тың Директорлар кеңесінің құрамы келесідей:

 

А.Ұ.Мамин

Директорлар кеңесінің төрағасы (қысқаша өмірбаяны)

 

 

 

 

Б.Т. Бейсенғалиев

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Активтерді оңтайландыру жөніндегі басқарушы директор (қысқаша өмірбаяны)

 

 

 

 

А.О.Илькявичюс

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Бизнесті трансформациялау жөніндегі Бас директор, Директорлар кеңесінің төрағасы, дара акционерлік қоғамының өкілі (қысқаша өмірбаяны);

 

 

 

 

Кристиан Кун (Christian Kuhn)

Тәуелсіз директор (қысқаша өмірбаяны);

 

 

 

 

Т.У.Сыздықов

Тәуелсіз директор (қысқаша өмірбаяны);

 

 

 

 

С.А.Святов

Тәуелсіз директор (қысқаша өмірбаяны);

 

 

 

 

Вильгельм Бендер (Wilhelm Bender)

Тәуелсіз директор (қысқаша өмірбаяны)

 

 

 

 

Қ.Қ.Алпысбаев

(қысқаша өмірбаяны).

 

 

 

AttachmentSize
«Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамының қоршаған ортаның қауіпсіздігі және оны қорғау Комитетінің Директорлар кеңесінің ЕРЕЖЕСІ 28.46 KB
«Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы директорлар Кеңесінің аудит бойынша Комитеті туралы ЕРЕЖЕ26.56 KB
«Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің Стратегиялық жоспарлау және инновациялар комитеті туралы ереже 18.88 KB
«Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының «Корпоративтік хатшы туралы» ереже23.83 KB
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің кадрлар және сыйақы мәселелері жөніндегі комитеті туралы ереже 20.9 KB
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі туралы ережесі89.98 KB





«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта