Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

Басқарма

Басқарма Акционерлік қоғамның алқалы түрдегі атқарушы органы болып табылады. Оның құзырына қоғамның Заңмен және құқықтық актілерімен және Жарғысымен бекітілген барлық сұрақтарын шешу кіреді.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен компания басқармасының құрамы 10 адамнан жасақталып, оның мүшелері сайланды.

Басқарма мүшелері қоғамның қызметін отырыс арқылы басқаруды жүзеге асырады.

 

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Басқармасы туралы Ереже

 

«ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма құзырына кіреді:

  • Қоғамның бір акционері мен Директорлар кеңесінің шешімін жүзеге асырады;
  • Директорлар кеңесіне Қоғамның 5 жылға арналған стратегиялық даму бағдарламасын, Қоғамның даму жоспарын (орта мерзімдік бизнес жоспарын) Қоғам бюджетін (1 жылға арналған бизнес жоспарын) жасап, ұсынады.
  • Даму жоспары (орта мерзімдік бизнес жоспары) , Қоғам бюджеті (1 жылға арналған бизнес жоспары) жасап және оның орындалуына жауап береді;
  • Қоғамның ішкі басқару тәуекелділігі мен ішкі бақылау үдерісін жасап, қолдану:
  • Қоғамның жұмысын басқарудағы кемшіліктер туралы Директорлар кеңесін тиісті мерзімінде құлақтандырады;
  • Қоғамның штаттық кестесін және құрылымын бекітеді, Директорлар кеңесі бекіткен есепке сай (жалпы құрамы) орталық аппарат қызмкерлері құрамы және Қоғамның өкілдіктерінің құрамын бекітеді;
  • Қоғамның жұмысын ұйымдастырудағы Директорлар кеңесі бекітуге жатпайтын басқа да құжаттарға орай шешім қабылдайды;
  • Бір акционердің еншілес және құрылымдық мекмелеріне қатысты қызметін атқарады;
  • Қоғамның жұмыс кестесін анықтайды;
  • Қоғамның орталық аппаратты басқару құрылымын бекітеді;

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқармасы 2016 жылы 38 отырыс өткізді. Оның 35-і ашық отырыс болса, сырттайғы түрде 3 отырыс өткізді. «ҚТЖ» ҰК» АҚ құрылымдық бөлімшелерімен филиалдары және бағыныстағы акционерлік қоғамдары Басқарма отырысына 412 мәселені шығарды.

                         

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма мүшелерінің құрамы

 

Алпысбаев Қанат Қалиұлы - «ҚТЖ» ҰК» АҚ Президенті-Басқарма Төрағасы

1972 жылдың 31 наурызында Ақмола облысы Атбасар қаласында туған. Алматы теміржол көлігі инженерлері институтын бітірген. Кентукки (АҚШ) университетін, Мәскеу халықаралық бизнес мектебінде білім алған. Магистр. 1994-2002 жылдары Тың темір жолы, «Қазақстан темір жолы» РМК, түрлі акционерлік қоғамдарда қызмет атқарды. 2002-2003 жылдары «Эйр Астана» ЖАҚ Қаржы жөніндегі басқарма директоры, Қаржы және ақпараттық технология жөніндегі вице-президентіболып қызмет етті. 2005-2008 жылдары «Дженерал Электрик» корпорациясы филиалының бизнесті дамыту жөніндегі директоры болды. 2008-2013жылдар аралығында «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның Экономика және қаржы жөніндегі вице-президенті лауазымын атқарды. 2013 жылдың қаңтарынан бастап «ҚТЖ»ҰК» АҚ-ның вице-президенті. 2016 жылғы сәуірдің 29-ынан «ҚТЖ» ҰК» АҚ Операциялық қызметті үйлестіру жөніндегі вице-президенті. 2016 жылғы 15 қыркүйегінен «ҚТЖ» ҰК» АҚ Президенті.

 


 

Сұлтанов Арман Тұрлыханұлы - «ҚТЖ» ҰК» АҚ Даму жөніндегі вице-президенті

1976 жылы 3-наурызда Алматы облысында туған. Әль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін, Қазақ жол қатынасы университетін, М. Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялары академиясын бітірген. Cambridge International Centre (Ұлыбритания) «Бизнес» (Қаржы) бағдарламасы бойынша бітірген.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ құрылымында 2002 жылдан бері қызмет етеді. 2008 жылға дейін «Қазтранссервис» АҚ маркетинг басқармасының бастығы, атқарушы директоры қызметтерін атқарды. 2008- 2010 жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Тасымалдау маркетингі департаментін басқарды. 2010 -2012 жылдары «ҚТЖ» ҰК» АҚ жолаушылар тасымалы жөніндегі басқарушы директоры. 2012-2014 жылдары – «Қазтранссервис» АҚ президенті. 2014 - 2016 жылдары – «ҚТЖ» ҰК» АҚ Логистика жөніндегі басқарушы директор. 2016 жылдан «ҚТЖ» ҰК» АҚ кеңесшісі. 2016 жылғы 30 -желтоқсаннан «ҚТЖ» ҰК» АҚ Даму жөніндегі вице-президенті.

 




Имашев Эрик Еркінұлы – «ҚТЖ» ҰК» АҚ Корпоративтік қамту жөніндегі вице - президенті

1976 жылы Алматыда туған. 1997 жылы Қазақ мемлекеттік за университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірді. М. В. Ломоносов атындағы ММУ заң факультетінің азаматтық құқық жөніндегі кафедрасының аспиранты. Ұлыбритания Лондон Сақтандыру Корольдік Институтының (Сақтандыру тәжірибесі) курсынан өткен.

1998-2011 жылдары банкілік сектор, заң аясындағы мекемелерде әкімшілік және құқықтық мәселелер жөніндегі лауазымды қызметтерді атқарды.

2013-2016 жылдары «ҚТЖ» ҰК» АҚ Сатып алу жөніндегі Басқарушы директор.

2016 жылғы сәуірдің 29-ынан «ҚТЖ» ҰК» АҚ Корпоративтік қамту жөніндегі вице- президенті.

«Қазақстанның Қазіргі заманғы бессайыс Федерациясы» РҚҰ Вице- президенті.

FID1C келісімі «Батыс Еуропа- Батыс Қытай Транзиттік дәлізі» жобасының Даулы мәселелерді Реттеу жөніндегі Кеңес мүшесі.

Үйленген. Төрт баланың әкесі.


 

Мадиев Жаслан Хасенұлы – «ҚТЖ» ҰК» АҚ-тың Қаржы жөніндегі вице-президенті

1983 жылғы 13 маусымда Алматы қаласында туған. 2004 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін әлемдік экономика және халықаралық қаржы мамандығы бойынша аяқтаған. 2007 жылы Колумбия университетін, Халықаралық қатынастар және мемлекеттік басқару мектебін, Нью-Йорк қаласы (АҚШ), Экономикалық саясат саласындағы мемлекеттік басқару магистрі (МРА) мамандығы бойынша аяқтаған. 2016 жылы окончил Массачусетс технологиялық институтын (MIT), Слоун бизнес-мектебін, Бостон/Кембридж қ. (АҚШ), Іскерлік әкімшілік жүргізу магистрі (МВА) дәрежесін алған. Еңбек жолын 2004 жылы «Альянс Банк» АҚ-та машықтанушы болып бастаған. 2004-2006 жылдары «Альянс Банк» АҚ капиталдың қарыздар нарығы бөлімінің маманы, жетекші маманы, бас маманы, бөлім бастығы болған. 2007 жылғы шілде мен қазан аралығында «Morgan Stanley» инвестициялық банкінде, Лондон қ. (Ұлыбритания), жұмыс істеген. 2007-2008 жылдары «Қазына» тұрақты даму қоры» АҚ-та, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде жұмыс істеген. 2008-2009 жылдары – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Қазынашылық департаментінің директоры. 2009-2010 жылдары – «Kazyna Capital Management» АҚ Басқармасы төрағасының орынбасары. 2010-2014 жылдары – «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқармасы төрағасының орынбасары. 2014-2015 жылдары – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі директорының монетарлық операциялар және активтерді басқару жөніндегі орынбасары. 2016 жылғы тамыз-қазан аралығында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі. 2017 жылғы 31 наурыздан бастап «ҚТЖ» ҰК» АҚ-тың Қаржы жөніндегі вице-президенті. 


 

Елубаев Санжар Бақытұлы – «ҚТЖ» ҰК» АҚ логистика жөніндегі вице-президентінің міндетін атқарушы

1975 жылы 11 қыркүйекте Алматы қаласында туған. Қазақ мемлекеттік әлем тілдері университетін, Қазақ мемлекеттік заң университетін, Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясын бітірген. 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ құрылымында 2006 жылдан бастап жұмыс істейді. 2002 жылдан 2006 жыл аралығында «Транссибирский Экспресс Сервис Казахстан» компаниясының бас менеджері болып жұмыс істеді. 2006 жылдан 2007 жыл аралығында «Кедентранссервис» АҚ-тың бірінші вице-президенті болып жұмыс істеді. 2007 жылдан 2008 жыл аралығында Қазақстан Республикасындағы «Mediterranean Shipping Company» компаниясының бас менеджері болып жұмыс істеді. 2008 жылдан 2011 жыл аралығында – Бизнесті дамыту бойынша директор, Қазақстан Республикасындағы «Дженерал электрик Интернешнл Инк» Корпорациясының филиалы, көлік бөлімі. 2011 жылдан 2013 жыл аралығында – «Қазтеміртранс» АҚ-тың экономика және қаржы жөніндегі вице-президенті. 2013 жылдан 2016 жыл аралығында – «KTZ Express» АҚ президенті. 2016 жылдың мамыр айынан қараша айы бойынша - «Қазтеміртранс» АҚ-тың Басқарма Төрағасы (Президенті). 2016 жылғы қарашадан бастап қазіргі уақыт бойынша - «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының операциялық қызметті үйлестіру жөніндегі вице-президентінің міндетін атқарушы.


 

Орынбасаров Бауыржан Пазылбекұлы – «ҚТЖ» ҰК» АҚ Инфрақұрылым жобалары жөніндегі вице–президенті

1970 жылдың 22 қазанында Қызылорда облысында туған. Алматы темір жол көлігі инженерлері институтын «Тасымалдау процесін басқару» мамандығы бойынша бітірді. Еңбек жолын Алматы темір жолының Алматы бөлімшесінде пойыз диспетчерлігінен бастады. Одан кейін Алматы қаласындағы «Қазақстан темір жолы» РМК-ның  Темір жол басқармасының жетекші инженері, Өндірістік техникалық бөлімінің бастығы болды. 2007-2008 жылдары «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – «Қарағанды жол бөлімшесін» басқарды.  2009-2010жж.– «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы-«Тасымалдау процесінің дирекциясын», «Алматы жол бөлімшесін» басқарды. 2011 жылдың сәуірінен 2012 жылдың сәуіріне дейін Басқарушы директор - Бас инженер қызметін атқарды. 2012 жылдың сәуірінен «ҚТЖ» ҰК» АҚ Пайдалану жұмыстары жөніндегі басқарушы директоры. 2014 жылдың ақпанынан сәуіріне дейін «Қазтеміртранс» АҚ Басқарма Төрағасы (Президентінің) міндетін атқарушы. 2014 жылдың сәуірінен бастап «Қазақстан темір жолы»ҰК» АҚ Вице-президенті. 2016 жылдың 29 сәуірінен 2017 жылдың 23 наурызына дейін «Қазақстан темір жолы»ҰК» АҚ Бас инженер қызметін атқарды.  2017 жылдың 24 наурызынан бастап «ҚТЖ» ҰК» АҚ Инфрақұрылым жобалары жөніндегі вице–президенті


 

Хасенов Рүстем Қойбағарұлы – «ҚТЖ»ҰК» АҚ Құқықтық мәселелер жөніндегі департамент директоры

1962 жылдың 4 тамызында  Көкшетау қаласында туған. Қарағанды Мемлекеттік университетін бітірген. 1997-2004 жылдары ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің Заң қызметінің жетекшісі, Заң департаментінің бас маманы, Заңдепартаментінің бастығы, Астана қаласы әкімі аппаратының құқықтық бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарды. 2008 жылдан бері «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның  Құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы директоры.

 

 

 




Кулаков Оралхан Райханович – Атқарушы директор – «ҚТЖ-Жүк тасымалы» акционерлік қоғамының президенті.

1964 жылы 17 тамызда Алматы облысы Үштөбе қаласында дүниеге келді. Алматы теміржол көлігі инженерлері институтын аяқтады. Экономика ғылымдарының кандидаты. Еңбек қызметін 1986 жылы теміржол саласында Алматы жол бөлімшесі Ақтоғай станциясының кезекшісі болып бастады.

1988 – 1999 жылдары «Қазақстан темір жолы» РММ Семей бөлімінің құрылымдық бөлімшелерінде жұмыс істеді. 2002-2003 жылдары – «Кедентранссервис» жабық акционерлік қоғамының Атқарушы директоры. 2005 - 2008 жылдар аралығында – Тасымалдау дирекциясын басқарушы, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының тасымалдау үдерісі жөніндегі Атқарушы директоры, «Көліктік сервис орталығы» акционерлік қоғамының Президенті, «Ремвагон» акционерлік қоғамының Президенті, «Көліктік логистика даму ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының Президенті.  Әртүрлі жылдары Тасымалдау процесі дирекцияда басшы қызметтерін атқарды.  2014 - 2016 жылдары - «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының операциялық қызмет жөніндегі басқарушы директоры. 2016 жылдың шілде айынан бастап осы уақытқа дейін - «ҚТЖ-Жүк тасымалы» акционерлік қоғамы Басқармасының төрағасы. 2017 жылғы 24 наурыздан бастап – «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның Атқарушы директоры – «ҚТЖ-Жүк тасымалы» акционерлік қоғамының президенті.  Мемлекеттік марапаттары  «Құрмет» ордені (2008 ж.) Қосымша атқаратын лауазымдары Атқарушы директор – «ҚТЖ-Жүк тасымалы» акционерлік қоғамының Президенті. Үлестес компаниялардың акциялар саны және үлесі жоқ


 

Нұрдәулет Игілікұлы Қилыбай – «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының атқарушы директоры – «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамының президенті

1978 жылы 10 сәуірде Маңғыстау облысында дүниеге келген. 1999 жылы М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік коммуникация академиясын «Темір жол көлігі тасымалын ұйымдастыру» мамандығы бойынша, 2003 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Қаржы және қаржы құқығы» мамандығы бойынша тәмамдаған. 1999 жылдан 2008 жылдар аралығында «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамында түрлі лауазымдарды атқарды. 2008 жылдан 2011 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Қатынас жолдары комитеті төрағасының орынбасары, «Вокзал-қызмет» акционерлік қоғамының президенті, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Жолаушылар тасымалы жөніндегі басқарушы директоры қызметін атқарды. 2011 жылдан бастап «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамында басшы лауазымдарда болды, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Қатынас жолдары комитетінің төрағасы қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан 2015 жылдың қыркүйек айына дейін «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарушы директоры – аппарат басшысы қызметінде болды. 2015 жылдың қыркүйек айынан 2017 жылдың наурыз айына дейін «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамының Басқарма бастығы (Президенті) қызметін атқарды. 2017 жылдың 24 наурызынан «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының атқарушы директоры – «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамының президенті.


 

Ізғұлов Жарас Төкенұлы – Атқарушы директор – «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы «Магистральдық желі дирекциясы» филиалының директоры 

1971 жылы 28 қыркүйекте Атырау облысында туған. Самара темір жол инженерлері институтын, Алматы экономика және статистика академиясын тәмамдаған. Еңбек жолын 1995 жылы Батыс Қазақстан темір жолының Атырау бөлімшесінде поезд құрастырушысының көмекшісінен бастап, 1998-2005 жылдар аралығында инженер, станция бастығының орынбасары, Маңғышлақ станциясының бастығы, тасымалдау бөлімшесі бастығының бірінші орынбасары, «ҚТЖ» РМК-ның «Атырау тасымалдау бөлімшесі» филиалының бөлімше бастығы, «ҚТЖ» ҰК» ЖАҚ-тың «Инфрақұрылым» ЕМК филиалы Атырау бөлімшесінің директоры, «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Атырау тасымалдау бөлімшесі» филиалының директоры лауазымдарын атқарды. 2005-2015 жылдары «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Ақтөбе жол бөлімшесі» филиалын басқарды. 2015 жылдың шілде айынан бастап 2017 жылдың наурыз айына дейін «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Магистральдық желі дирекциясы» филиалының директоры қызметін атқарды. 2017 жылдың 24 наурызынан бастап Атқарушы директор - «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Магистральдық желі дирекциясы» филиалының директоры қызметін атқарып келеді.

 






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта