Темір жол бірлестігіне 20 жыл

Мамырдың 17-18 күндері Мәскеуде Достастыққа қатысушы мемлекеттердің темір жол көлігі әкімшілігі Кеңесінің 56 отырысы өткізілуде. «ҚТЖ» ҰК» АҚ делегациясын Ұлттық компанияның президенті Асқар Мамин бастап барды.

Отырысқа барлық темір жол көлігі әкімшіліктері Кеңесінің өкілдері, темір жол көлігі әкімшіліктерінің жетекшілері, сондай- ақ Кеңес Дирекциясының төрағасы қатысты.

Мәжілісті Кеңес Төрағасы «Ресей темір жолдары» ААҚ президенті Владимир Якунин ашты. Бұл бас қосудың негізгі желісі - темір жол көлігі Кеңесінің 20 жылдың мерейтойы.

Осы жиырма жыл ішінде кеңестік кеңістіктегі темір жол көлігі әкімшіліктері өзара бірлескен түрде техникалық, технологиялық және ұйымдасқан түрде 1520 темір жол көлігі жұмыстарын үйлестіріп, сақтап қалды.

ТМД Атқару комитетінің төрағасы – атқарушы хатшысы Сергей Лебедевтің айтуынша, «Кеңес өзінің қызмет атқарған жиырма жылында ТМД кеңістігіндегі ең сапалы салалық құрылым болып сақталып қалды. Ол ұйым өзін темір жол көлігі саласындағы экономикалық серіктестіктің үкімет аралық органы ретінде абыройлы да сапалы қызметімен танылды».

Салтанатты мерейтой кезінде ТМД Атқарушы комитеті, РФ Көлік және коммуникация министрлігі, «Ресей темір жолдары» ААҚ тарапынан темір жол көлігіне еңбек сіңірген бірқатар ардагерлер мен мамандар Алғыс хаттармен, Грамоталармен, естелік сыйлықтармен марапатталды. Олардың қатарында қазақстандық теміржолшылар да бар.

Осы жиырма жыл ішінде темір жол көлігі Кеңесі халықаралық бағдарлардағы жүк және жолаушылар тасымалы, жылжымалы құрамды пайдалану, техникалық құрал жабдықтарды сақтау, жүк және жолаушылар тасымалдаудың Ережесі секілді 200-ден астам нормативтік құжаттар мен өзара ықпалдастық құқықтық актілерін дайындаған екен.

ҚТЖ президенті Асқар Маминнің айтуынша, Кеңес ТМД аумағындағы халықаралық темір жол көлігі қызметін үйлестіруші қызметін атқарды. Соның нәтижесінде, темір жол жылжымалы құрамдары өз бағдарларында кедергілерге тап болған жоқ. Мұның басы қасында Достастық қатысушы мемлекеттердің темір жол көлігі әкімшіліктерінің Кеңесі тұрды.

Кеңес отырысы кезінде бұған дейінгі 55-ші отырыстың шешімдерін орындау барысы қаралды. Пойыз қозғалысының кестесі түзілді. Халықаралық бағдарлардағы жүк пойыздары мен контейнерлік пойыздарды жасақтаудың жоспары, 2011 жылғы және 2011 жылдың алғашқы тоқсанындағы темір жолды пайдалану қорытындысы шығарылды.

Темір жол – аса қауіпті аймақ

2011 жылы 76 адам мен жылжымалы құрамның арасында жол көлік оқиғасы орын алды. 2012 жылғы қаңтар мен наурыз айларында Алматы және Ақтөбе облыстарында төрт оқиға орын алса, Қызылорда облысында үш оқиға кездесті.

Локомотив бригадалары көптеген қайғылы оқиғалардың алдын алды. 2011 жылы пойыз машинистері жедел тежегіштерді басып үлгеруінің арқасында Шымкент жол бөлімшесінде 102 оқиға, Семей жол бөлімшесінде -244, Алматыда -163, Ақтөбеде -127, Қызылордада -82 жағдайдың алды алынды. Яғни барлығы 718 рет локомотив бригадаларының қырағылығы арқылы адам тағдырына арашашы болды.

«Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы жергілікті басқару орындарымен бірлесе отырып жол көлік оқиғасының алдын алудың кешенді шараларын жылма жыл жүзеге асырып келеді.

Аталмыш шараның бір парасы темір жол мен жүргіншілер өткелі қиылысатын тұстарға 506 белгі орнатылса, 926 белгі қайта жаңғыртылды. Атырау, Жамбыл, Шу, Ақадыр станцияларындағы жүргіншілер көпіріне жөндеу жұмыстары жасалды.

2011 жылғы мамыр мен маусым айларында 956 жол өткелі тексеріліп, екі мыңнан астам ақаулықтар қалпына келтірілді.

Жергілікті мемлекеттік орындармен бірлесе отырып 13 күзетілетін жол өткелдеріндегі шлагбаумдарды жасау үшін оның жобалық - сметалық құжаттамасы жасалды. Астана-Алматы бағдарындағы қозғалысы көп күзетілетін жол өткелдеріне қоршаулар орнатылды.

ҚТЖ ТСХО Техникалық комиссиясының мүшесі атанды

Рим (Италия) қаласында мамырдың 7-11 аралығында өткен Теміржолшы спортшылардың Халықаралық Одағы (ТСХО) конгресінде «Қазақстан темір  жолы» Ұлттық Компаниясы» акционерлік қоғамын 14 мемлекет өкілдерінен құралған Тұрақты техникалық комиссияның құрамына енгізу туралы шешім қабылданды.

Биылдан бастап ҚТЖ өкілдері аталмыш комиссияның ресми халықаралық чемпионаттарды өткізуге байланысты отырыстарына қатысатын болады.

Одан бөлек Конгресс шешімімен «Қазақстан темір жолы» компаниясына Қазақстанда 2013 жылы Теміржолшылардың Халықаралық спорт одағының Президиум отырысын өткізу құқығы берілген.

Биылғы жылы компания өкілдері теміржолшы спортшылардың Халықаралық Одағының шахматтан (19-25 мамыр, Болгария)және велоспорттан (10-15 қыркүйек, Чехия) өтетін чемпионаттарына қатысады.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

«Жолаушылар тасымалы» АҚ 5,5 млн. астам жолаушы жөнелтіп, 120 мыңнан астам электронды билет сатты

Ағымдағы жылдың басынан «Жолаушылар тасымалы» АҚ 5,5 млн. астам жолаушы тасымалдады. Өткен жылдың 4 айындағы деректермен салыстырғанда, қазіргі көрсеткіш 14,3%-ға өскен. 2011 жылдың дәл осы кезеңінде жөнелтілген жолаушылардың жалпы саны 4,8 млн. астам жолаушыны құраған.

Өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда, ағымдағы жылдың 4 айы ішінде жолаушылар айналымы 13,5%-ға өсіп,  шақырымына 4 216 683 мың. жолаушыны ( 2011 ж. – шақырымына 3 713 626 мың. жолаушы) құрады.

Сондай-ақ электронды билеттердің қарқынды өсу тенденциясы байқалып отыр. Сонымен осы жылдың 4 айы ішінде сатылған электронды билет саны 120 029 дананы құрайды. Былтырғы жылдың дәл осы кезеңінде 20 131 электронды билет сатылған.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі

"ҚТЖ" ҰК" АҚ баспасөз қызметі

ҚТЖ-да бизнес қауымдастығымен логистикалық ахуал талқыланды

Астанада «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ында ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің бастамашылығымен бизнес қауымдастығы Қазақстанның көліктік –логистикалық дамуын, еліміздің транзиттік әлеуетін ұлғайту жайын талқылады.

Негізгі күн тәртібіндегі мәселе бойынша    Қазақстан Республикасының көліктік-логистикалық дамуын, «Қорғас- Шығыс қақпасы» АЭА, «Қорғас» халықаралық кеден бекеті орталығы, KAZLOGISTICS көліктік-логистикалық қауымдастығы міндеттері мен мақсаты және көліктік логистиканы дамытудың басқа да  өзекті жайлары қаралды.

«Атамекен» Одағы Басқарма төрағасының орынбасары А. Мәмбеталин,     KAZLOGISTICS көліктік-логистикалық қауымдастығы Директорлар кеңесінің төрағасы Ю. Лавриненко, «Ақтау халықаралық теңіз порты» РМК директорының бірінші орынбасары Д. Құтпанбаева, Теңіз көлігі қауымдастығы атқарушы директоры Н. Юдин және басқа да 150-ден астам көліктік логистикалық компаниялардың өкілдері, қоғамдық мекемелер,   бизнес қауымдастығы отырысы «ҚТЖ» ҰК» АҚ Логистика жөніндегі вице-президенті Ерхат Есқалиевтің төрағалығымен    өткізілді.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Логистика жөніндегі вице-президенті Ерхат Есқалиев: «бұл басқосу арқылы Ұлттық компания мен бизнес қауымдастығы арасындағы іскерлік байланысқа бастау болады. Біз осындай әріптестік қарым -қатынас жасау арқылы билік пен бизнестің арасындағы сындарлы да ұзақ мерзімге бағытталған логистикалық саладағы ойын үлгісін қамтамасыз етіп, ұзақ мерзімдік жобаларды бірлесе жүзеге асырамыз»,-деп атап өтті.               

Басқосуға қатысушылар алдында «Қазақстан Республикасындағы көліктік-логистикалық саланы стратегиялық дамыту туралы» Ұлттық компания түзген жобаның тұсаукесер рәсімі өткізілді. Жобаның басты мақсаты - көліктік тасымал жүйесіне қатысушы кәсіпорындардың барлығының жұмысын үйлестіріп отырудан туындады.

Страгиялық маңызды құжатты Үкімет мақұлдаған болатын. Қазіргі таңда ҚТЖ мен ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігі бірлесе отырып, барлық көлік түрлеріне арналған бірыңғай көліктік индикаторлардың ортақ параметрін жасауға кірісті.

Дөңгелек үстел отырысы барысында Қазақстанның Орта Азияның сауда, логистикалық және іскерлік хабына айналуының мүмкіндігі, оның құқықтық аспектілері, қаржылық –шаруашылық жүргізудегі бизнес қауымдастығының алдынан шығып тұрған кедергілік жайларды шешу жолдары қарастырылды.

Шара соңында еліміздің көліктік- логистикалық дамуын қамтамасыз етудегі бизнес қауымдастығының ұсыныстары мен  пікірлері назарға алынып хатталды.

«КЛДҰО» АҚ, «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

 

Тоқтар Әубәкіров «Қазақстан темір жолы» президентінің кеңесшісі болып тағайындалды

ҚТЖ президентінің кеңесшісі болып Тоқтар Әубәкіров тағайындалды. Бүгін оны ҚТЖ президенті Асқар Мамин таныстырды.

Тоқтар Әубәкіров – қазақтың тұңғыш ғарышкері. 1965 жылы әуе шабуылына қарсы қорғаныстың Армавир жоғарғы ұшқыштар авиациялық училищесіне оқуға түседі. Содан кейін М.Громов атындағы сынаушы ұшқыштардың Жоғарғы Метебін және Серго Орджоникидзе атындагы Мәскеу авиациялық институтын бітіреді.

Конструкторлық бюрода, ҚР аэроғарыштық Ұлттық Агенттігінде мол тәжірибе жинақтаған. Техника ғылымдарының докторы. Кеңес Одағының батыры, Халық Қаһарманы. Парламент Мәжілісінің депутаты болып сайланған.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

«Жолаушылар тасымалы» АҚ халықаралық бағыттардағы пойыздарға атау беру сайысының қорытындысы

Әрбір халықаралық пойыз енді жеке дара атауға ие болады. «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, оның филиалдары мен еншілес компаниялары қызметкерлерінің арасында өткен байқау қорытындысын жариялады.

Енді халықаралық бағыттағы 4 пойыз мынадай атаулармен жүретін болады: «Алматы -Үрімші» - Жібек жолы;  «Астана - Санкт-Петербург» - Еуразия, «Қарағанды – Мәскеу» - Сарыарқа, «Астана - Киев» – Астаналық, сонымен қатар облысаралық бағытта қатынайтын бір пойыз «Алматы - Петропавловск» - Жетісу атауына ие болды.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушылар пойыздарының Корпоротивтік стандартына сай, фирмалық пойыздар, сонымен қатар халықаралық және облысаралық бағыттағы жайлылық деңгейі жоғары жолаушылар  пойыздары  Қазақстанның  тарихы,  географиясы, мәдениеті немесе Қазақстанның  салт-дәстүріне байланысты  жеке  атауларға  ие болуы қажет.

Алғаш рет 2010 жылы «Астана-Мәскеу» бағытында қатынайтын №71/72 «Қазақстан» пойызы жеке атауға ие болады. Дәл осы жылы «Алматы-Мәскеу» халықаралық бағытында қатынайтын №7/8 тағы бір пойызға  «Алатау»  деген атау қойылады.  

Пойыздарға берілген бұл атаулар 2012 жылдың 16 наурызынан 6 сәуірге дейін «Жолаушылар тасымалы» АҚ ұйымдастырған сайыс қорытындысының негізінде берілді. Әділқазы алқасы «ҚТЖ «ҰК» АҚ орталық аппаратында, филалдарында, еншілес ұйымдарында  қызмет жасайтын 51 сайыскерден келіп түскен 217 ұсынысты қарап шықты.     

Әділқазы алқасының шешімі бойынша ең үздік атау ұсынған келесі қатысушылар сайыстың жеңімпаздары болып анықталды:

1. Сейсембеков Қариғұл Арынұлы, «ҚТЖ «ҰК» АҚ филиалы – «Тасымал процесі дирекциясы» Теміржол тармағы иелерімен шарт жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі бөлімнің бас маманы -  Жетісу;

2. Сәрсенова Шынар Ізтайқызы, «ҚТЖ «ҰК» АҚ филиалы -  «Магистральдық желі дирекциясы» Техникалық бөлімінің бас маманы  - Жібек жолы;

3. Данчева Татьяна Николаевна, «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Солтүстік» филиалының Сервистік қызмет көрсету Секторының  бастығы  - Евразия;

4. Қыраубаев Асылбек Муталипұлы, «ҚТЖ «ҰК» АҚ  «Шаруашылық басқармасы» филиалы аударма және құжаттарды түзету бөлімінің бастығы - Сарыарқа;

5. Ахметбеков Асқар Мақсұтұлы, «Жолаушылар тасымалы» АҚ Сервистік қызмет көрсету Басқармасының бас маманы - Астаналық.

Игі шараға қатысқан жеңімпаздарға құттықтау сөз жолдап, арнайы  сыйлықтарды «Жолаушылар тасымалы» АҚ өндіріс жөніндегі вице-президенті Талғат  Лесов табыстады.  

«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Журналға үздік жазылушыға алғыс айтылды

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарушы директоры –Бас инженері Асан Досаев пен басылымның бас редакторы Нығметжан Есенғарин 2011 жылы басылымға жазылу науқанын өте жақсы ұйымдастырғаны  оған еңбеккерлерді көптеп тартқандығы үшін  бірқатар  кәспорын өкілдеріне   «Транс-Экспресс Қазақстан» салалық сараптамалық журналының үздік жазылушысы деген атпен Алғыс хаттар табыс етті.

Қазақстандағы тұңғыш салалық журнал 2008 жылдан шыға бастады. Журнал темір жолдың басшылық құрамы мен жергілікті жердегі еңбеккерлерді тұрақты түрде Ұлттық компания стратегиялық жоспарларының орындалу барысын, темір жол туралы заңдар мен нормативтік актілердегі өзгерістерді, станциялар өмірінен хабардар етіп келеді.

Журналдың шығарылуына компанияның топ-менеджменті зор маңыз беріп отыр. Көптеген басшылар басылымның редакциялық кеңесі құрамына кіреді. Басылым бетінде жарияланып тұрады.

Журналдың оқырмандармен байланысын және басшылықтың жоспарлы жұмысымен таныстыруда ҚТЖ-ның басшылары, Ғылыми-техникалық ақпарат орталығы, Тасымалдау үдерісі дирекциясы, Қамқор-локомотив, Локомотив, Қамқор-вагон, Теміржол жөндеу, Вокзал-сервис, Локомотив сервис орталығы, Әскерилендірілген күзет қызметі көп үлес қосуда. Осы құрылымдардың қатысуымен 2011 жылы рекордық жазылу үлгісі көрсетілді. Осы қызметтері үшін кәсіпорындардың өкілдеріне Алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етілді.

-Арнайы басылымның  деңгейіне байланысты жергілікті орындардағы мамандардың ой өрісі өседі,- деп атап өтті кездесу барысында Н. Есенғарин.- Салалық кәсіби журналды оқу барлық еңбеккерлерге міндетті болып саналады. Біздің журналымыз әрбір цехқа қажетті болуға тырысады.

Журнал редакторы мен ұжымы басылымның ашылған кезінен бастап тұрақты көмек көрсетіп, оның қызықты да тартымды болуына атсалысқандығы үшін Ұлттық компанияның басшылығына алғыс білдірді.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Баспасөз қызметі

Ардагерлерге мың алғыс!

Мамырдың 4-інде «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның бас офисінде Ұлы Жеңістің мерекелік шарасына соғыс ардагерлері мен темір жол саласының ардагерлері шақырылды.

Таңертеңгілік ардагерлер Астанадағы Отан Қорғаушылар мемориалдық кешенінде болып, бір минуттық үнсіздікпен елі үшін жанын қиған жауынгер достарын еске алды.

Ұлттық компанияның бас офисіндегі салтанатты шарада Персоналды басқару және әлеуметтік мәселелер жөніндегі вице-президенті Асхат Акчурин ардагерлерге жылы лебізін білдірді.

-Біз Сіздермен Ұлы Жеңістің 67 жылдығы қарсаңында кездесіп отырмыз. Сіздер жастық шақтарыңызды фашистік басқыншылармен соғысуға, соғыстан кейінгі жылдарғы халық шаруашылығын қалпына келтіруге арнадыңыздар. Сіздердің даңқты қаһармандықтарыңыз болаттай шыңдалды. Қанқұйлы соғыс кезінде 1945 жылға дейінгі бес жылда қаншама шақырымдарды артқа тастадыңыздар. Біз Сіздердің алдарыңызда ерлік істеріңіз бен Отанға деген шексіз сүйіспеншіліктеріңіз үшін басымызды иеміз. Ұлттық компания басшылығы атынан Сіздерге алғыс айтамын! 1945 жылдың Жеңісіне жете алмай майдан даласында қыршын кеткендерді мәңгілік есте сақтаймыз!

Көптеген майдангерлер елге жеңіспен оралып, соғыс құлазытып кеткен ел экономикасын қалпына келтіруге мол үлес қосты. Отан алдындағы борыштарын абыроймен атқарып, қысқа мерзімде ғана халық шаруашылығын қалпына келтірді. Жаңа қалалар тұрғызды. Жаңа кәсіпорындар ашты.

Салтанатты шара барысында соғыс және еңбек ардагерлеріне арналып майдан әндері орындалды.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Баспасөз қызметі

Қазақстан және Венгрия көліктік-логистикалық салада ынтымақтастықты нығайтуда

Венгрия Премьер-министрі Виктор Орбанның Қазақстанға 2012 жылдың 3-4 мамырындағы ресми сапары кезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімовпен инвестициялық, экономикалық ынтымақтастық, сауда-экономикалық мәселелерді талқылау үшін бірқатар кездесу өтті.

Сапар барысында үкіметаралық комиссияның сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның үшінші отырысы өткізілді. Сонымен қатар 50-ге жуық венгр кәсіпорны өкілдері қатысқан қазақ-венгер бизнес-форумы өтті. Сапар кезінде тараптар арасында мекемеаралық және сауда келісім-шарттарына қол қойылды.

Олардың ішінде: «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен «Венгр мемлекеттік темір жолдары» ЖАҚ арасында ынтымақтастық туралы меморандум. Оған «ҚТЖ» вице-президенті Ерхат Есқалиев пен Венгр темір жолдары бас директорының орынбасары Ласло Мошоци қол қойды.  

Құжат екі елдің экспорт/импорттық жүк айналымын ұлғайтуға, Азия-Еуропа халықаралық бағытындағы трансқұрлықтық тасымалды игеруге жол ашады. Тараптар көліктік-логистикалық салада жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға, теміржол инфрақұрылымын жаңартудағы жұмысын үйлестіруге, Қазақстан мен Венгрияның транзиттік әлеуетін тиімді пайдалануға мүдделі екендіктерін білдірді.

Келісім-шарт логистика саласында ұйымдастырушылық және ақпараттық қолдау білдіруді көздейді. Әсіресе Захонь орталығы мен «Қорғас-Шығыс қақпасы» ЕЭА инвестициялық мүмкіндіктеріне ерекше көңіл бөледі. ҚТЖ мен Венгр темір жолдары диагностика, құрылыс саласында бірлескен жобаларды дамытуға мүдделі.

«КЛДҰО» АҚ бұқарамен байланыс бөлімі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Syndicate content